jasqazaq.kz

Головкин АҚШ-та қазақ баласының тұсауын кесті (ВИДЕО)

11 мамыр 2016, 15:01

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин АҚШ-та өткен «тұсау кесу» рәсіміне қатысты, деп хабарлайды bnews.kz.

Қазақстандық жұп сәбиінің тұсауын Головкинге кестіруді ұйғарыпты. Бұған отандасымыз қарсылық білдірмей, керісінше, қуана-қуана келіскен.

Қазақта баланың тұсауын ел арасында сөз ұстаған шешендер, алып күштің иесі батыр-балуандар, желаяқ жүйріктер, жез таңдай ақын-әншілер, даңғайыр күйшілер, дінді берік ұстанған адамдар немесе аузында иманы, қолында құраны бар молдалар кескенін ескерсек, АҚШ-тағы жас жұптың өз нәрестесінің тұсауын ырымдап Головкинге кестіруінде үлкен мән бары анық. Лайым ниеттері қабыл болғай!

Естеріңізге саламыз, Геннадидің басты қарсыласы Сауль Альварес 7 мамыр күні британиялық Амир Ханды жеңгеннен кейін қазақстандықты жекпе-жекке шақырды. Головкин мексикалық боксшының бұл шақыруын қабыл алды.

Дегенмен, сарапшылардың айтуынша, Альварестің Головкинді халық алдында шақырғаны ғана болмаса, бұл жекпе-жекті өткізуге боксшы да, оның командасы да мүдделі болып отырған жоқ. «Канело» иелік ететін WBC белбеуіне GGG үміткер болған уақыттан бері мексикалық боксшы түрлі себептер айтып, қазақстандықпен шаршы алаңда жолықпаудың амалын қарастырып жүр.

30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет