jasqazaq.kz

25 мың теңге үшін 7 жылға сотталды

09 қараша 2017, 23:19

Ақтауда сотталғандарды бопсалаған түрме басшыларына қатысты үкім шықты. Жазасын өтеушілердің жанын қоймай ақшалай да, тауарлай да пара алғандар енді өздері солардың жанына барды. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.

Түрмеде отырғандардан пара бопсалаған орынбасар 7 жылға солардың жанына аттанып қана қоймай, бар тапқаны тәркіленіп, одан бөлек өмірбақи мемлекеттік қызметте істеу мүмкіндігінен де жұрдай болды. Әріптестерінен қалыспай түрмеден пайда тапқан тағы бір орынбасар Қуатбеков болса, қайта оңай құтылды. Түрмедегілерден теледидар алды делінген оған сот 3 миллион 329 мың теңге айыппұл салып, дүние-мүлкін ғана тәркіледі. ГМ 172/6 түзеу мекемесі тойымсыз басшыларының арқасында бірнеше ай бұрын күллі жұртқа танылған. Мекеме басшысы Ержан Тілеулиев пен оның екі бірдей орынбасары Қуатбеков, Қалдыбаев және бөлім бастығы Бақтияр Айнақұловтар жемқор деген күдікпен ұсталып, артынша төртеуі де абақтыдан бір-ақ шыққан-ды. Түрме бастығы ноутбук алды деп айыпталса, ал орынбасарлары теледидар мен 25 мың теңгеге, ал бөлім бастығы 70 мың теңге пайда көрді делінген. Ал мұның есесіне олар жазасын өтеушілерге жайлы өмір уәде етіпті.

Мәлік Кенжеәлиев, Ақтау қалалық сотының төрағасы:

-Қалған екі адамға байланысты басқа судья қарап жатыр. Ол да осы ҚК 366-шы бабы 3-бөлігі 1-тармағымен сол ГМ 172-де бастығы Тілеулиевке қатысты және оның орынбасары Қалдыбаевқа қатысты қылмыстық іс қаралуда. Әлі біткен жоқ әлі, қазіргі тағңда тек екі қылмыстық істің шешімі табылды.

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы