jasqazaq.kz

25 көше Алаш қайраткерлерінің есіміне өзгермек

04 қараша 2016, 11:16

397056

Ақтөбе қаласының кейбір көшелерін қайта атау бойынша Құрмыш, Мәскеу, Малышка, Тұрғындар қалашығы және Новый ауылдық округінде тұрғындардың пікірін ескеру бойынша қоғамдық тыңдау өткізілді деп хабарлады . Аталған қоғамдық тыңдауға осы аудандардың тұрғындары қатысты.

Қоғамдық тыңдауға Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары М.Қабыл, Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы С.Шынтасова және мәслихат депутаттарымен қатар, мекеме басшылары да қатысты. Қала тұрғындарының басым көпшілігі бұл мәселелерге ерекше ықылас танытып, қолдау көрсетті.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына орай, 2016 жылдың 6 қыркүйегінде Астана қаласында өткен «Ономастика және көрнекі ақпарат: міндеттер мен ұсыныстар» атты семинар-кеңестің хаттамасында көрсетілген тапсырмаларға сәйкес, қала көшелері мен оның құрамдас бөліктеріне атау беру және атауларын өзгертуге бір мәрте рұқсат берілді. Осының негізінде Ақтөбе қаласындағы ономастика саласын жүйелеу мақсатында, әрі қазіргі идеялық көзқарас бойынша көнерген атауларды өзгерту мәселесі көтеріліп отыр.

Қазақ халқының өткен тарихында із қалдырған, жеріміздің тұтастығы мен азаттығы үшін күрескен хандар мен батырлардың, ақын-жыраулар мен би-шешендердің, қуғынға ұшыраған Алаш қозғалысы қайраткерлерінің есімдерін ұлықтау мақсатында Ақтөбе қаласындағы кейбір көше атаулары қайта аталғалы отыр.

Атап айтсақ:

1) М.Т.Ряхов – Мұстафа Шоқай көшесі;
2) И.Ф.Киселев – Әлихан Бөкейханов көшесі;
3) Кобозев – Ахмет Байтұрсынұлы көшесі;
4) Париж коммунасы – Шәкәрім Құдайбердіұлы көшесі;
5) Ағ. Коростылевтар – Мағжан Жұмабаев көшесі;
6) С.Разин – Жүсіпбек Аймауытов көшесі;
7) В.Ф.Зинченко – Міржақып Дулатов көшесі;
8) Краснощеков – Бейімбет Майлин көшесі;
9) Красная – Сәкен Сейфуллин көшесі;
10) В.И.Чапаев – Ілияс Жансүгіров көшесі;
11) Фрунзе (тұйық көшесі) – Халел Досмұхамедұлы көшесі;
12) Жуковский – Сұлтанмахмұт Торайғыров көшесі;
13) Пугачев – Есет Көтібарұлы көшесі;
14) Левон Мирзоян – Ораз Тәтеұлы көшесі;
15) 1905 жыл – Қайрат Рысқұлбеков көшесі;
16) Ленинградская – Мұхамеджан Тынышбаев көшесі;
17) Озерный – Мұқағали Мақатаев көшесі;
18) Цемент – Әлкей Марғұлан көшесі;
19) Коммунальниктер – Әміре Қашаубаев көшесі;
20) Патоличев – Әбубәкір Кердері көшесі;
21) Тельман – Жанша Досмұхамедұлы көшесі;
22) Советский (тұйық көшесі) – Өзбекәлі Жәнібеков көшесі;
23) Р.Люксембург – Хиуаз Доспанова көшесі;
24) Новый ауылдық округіндегі Ленин көшесін – Баубек Бұлқышев көшесі,
25) Новый ауылдық округіндегі Советский көшесін – Хамит Ерғалиев көшесі.

Аталған ұсыныс қалалық мәслихаттың кезекті сессиясына ұсынылды. Бұл мәселе бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы республикалық ономастика комиссиясы қорытынды береді.

caravan.kz

03 қыркүйек, 14:27
«Шанхай рухымен» - сенімді серіктестік пен кемел келешекке
31 тамыз, 11:07
USAID ақыры жабылды
29 тамыз, 19:32
Шетелден ақша алатын белсенді мен блогерге жайсыз жаңалық
27 тамыз, 12:47
The Guardian: Темірлан Анарбеков «Қайратты» Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіне алып шықты
27 тамыз, 10:24
Жолдау-2024: «Таза Қазақстан» - кемел келешектің қайнар көзі
26 тамыз, 15:56
Баланың психологиялық саулығы – қоғамның басты құндылығы
22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда