jasqazaq.kz

21 қыркүйектен бері Қазақстанға 98 мың ресейлік кірген

27 қыркүйек 2022, 13:57

Алты күн ішінде Ресейден біздің елге жүз мыңға жуық азамат кірген, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Бұл туралы бүгін Ішкі істер министрлігінің баспасөз мәслихатында ІІМ Көші-қон комитеті төрағасының міндетін атқарушы Аслан Аталықов мәлім етті.

«21 қыркүйектен бастап Қазақстанға 98 мың Ресей азаматы кірген, Қазақстаннан 64 234 ресейлік азамат елден шыққан. 21 қыркүйектен бастап Қазақстанның резиденті емес 8 мыңнан астам резидент ЖСН алды», — деді Аталықов.

Ал 2022 жылдың 1 сәуірінен бергі мәліметтерді сұраған журналистің сауалына спикер былай деп жауап берді:

«2022 жылдың 1сәуірінен бастап 93 045 Ресей азаматы Қазақстанның жеке сәйкестендіру нөмірін алған. Бірінші сәуірден бастап 4 271 адам мекендеу қағазын алды. Оның ішінде, 116 адам этникалық қазақ. Азаматтық алуға 441 адам өтініш берген, соның ішінде 117 адам этникалық қазақ», — деді ол.

Бүгін, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті