jasqazaq.kz

21 қыркүйектен бері 70 мыңға жуық ресейлік ЖСН алған

04 қазан 2022, 12:19


ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Ресей Федарациясы азаматтарының Қазақстанда ЖСН алуы жөнінде сұрақтарға жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«21 қыркүйектен бүгінгі күнге дейін шамамен 70 мыңға жуық Ресей азаматы бейрезидент ЖСН-ын алған», — деді Бағдат Мусин Үкіметтің кулуарында тілшілерге берген сұхбатында.
Сонынмен бірге Цифрлық даму министрі шетелдіктерге не себепті ЖСН берілетінін түсіндірді.

«Көптеген адамдар ЖСН банк картасын алу үшін қажет деп ойлайды. Біз үшін, мемлекет үшін бұл келушілердің елде болуын, тіркелуін, жүріс-тұрысын, барлық іс-әрекетін қадағалау маңызды. Яғни, біз оларға нақты бір нөмір беріп, барлық деректерде сәйкестендіреміз. Қайда барғанын, қандай қызмет алғанын, қанша айыппұлы бар екенін көреміз. Яғни біздің міндетіміз – оларды ІІМ картасына енгізу ғана емес, қадағалаушы органдарымыздың оларды бақылай алуы. Сондықтан, ЖСН – ел азаматтығын айғақтайтын нөмір емес, сәйкестендіруші құрал», — деді Бағдат Мусин.

Бүгін, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
Бүгін, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті