jasqazaq.kz

Алматы тұрғындарын шошытқан қандай қоңыз?

02 қараша 2016, 22:37

korovka

Бұрын-соңды болмаған жорық! Алматыда бірнеше күннен бері қоңыздар қаптап жатыр. Ел арасында «қызыл қоңыз» аталатын жәндік қалада тым көбейіп кеткен. Ал мамандар бұны биылғы құбылмалы ауа-райымен байланыстырады. Дегенмен, аяқ астында өріп жүрген қоңыздардан қорқуға еш негіз жоқ. Себебі, олардың зиянынан пайдасы көп екен.

Айналада күрт көбейген қоңыздар тұрғындардың назарын аудармай қоймайды. Әсіресе, биологтар «қанқыз» деп атап кеткен жәндікті бала-шаға қызықтауға кіріскен. Себебі, Алматыда бұрын мұндай құбылыс болмаған.

Қызыл қоңыздар кез-келген бұрышта топ-тобымен жүр. Олардың кенеттен пайда болғанына санаулы күндер ғана өткен. Таңқаларлық құбылысты мамандар биылғы ауа райымен байланыстыруда. Яғни күннің күрт суып, қайта жылынуынан жәндіктер мезгілден шатасып қалған.

Мира Айтжанова, биология ғылымдарының кандидаты:

-Мен өзім ойлаймын, бұл табиғи құбылысқа байланысты деп. Қар аяқ астынан жауды. Оның артынан кенеттен жылып кетті.

Төлеужан Әбішова, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті биология кафедрасының доценті:

— Бір маусымда бірнеше рет ұрпақ береді. Әртүрлі себептермен бұлар сол ұрпақтарын бере алмаған. Сондықтан қазір сыртқы ортаның өзгеруі, температураның жоғарылауы бұларға жақсы жағдай туғызып тұр.

Ал аяқ астында толып жүрген қанқыздардан қорқудың еш қажеті жоқ. Керісінше, олардың пайдасы көп екен. Қызыл қоңыз зиянды өсімдік биттерімен қоректенеді. Тіпті ауыл шаруашылығына қауіпті жәндіктермен күресетін де қасиеті бар. Сондықтан оны мамандар өз араларында «биоагент» деп атап кеткен.

Мира Айтжанова, биология ғылымдарының кандидаты:

— Халық қорықпай-ақ қойсын деп айтуға болады. Жыртқыш жәндіктер бар табиғатта. Соларды жояды.

Дегенмен, мұны ескеріп жатқан алматылықтар жоқ. Жұрт қоңыздарды аяусыз таптап өтіп жатыр. Сондықтан қазір жыбырлаған жәндіктен гөрі, жаншылғаны әлдеқайда көп. Ал, тірілері күн суытқан бойда қайтадан ұйқыға кетеді екен. Сөйтіп, өздеріне қолайлы жылы ауа райы басталғанда тіршілікке қайта оралады.

Бүгін, 16:24
Мақсат - сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру
26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету