jasqazaq.kz

20 жылдан кейін Белоруссияда қолға түсті

15 қараша 2016, 23:20

ustalu

20 жылдан астам уақыт бойы іздеуде болған Петропавл тұрғыны Беларусьте ұсталды, деп хабарлады «ҚазАқпарат» СҚО ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 1993 жылы бір топ жас Петропавлдың орталығында өтіп бара жатқан адамды соққыға жыққан. Бұзақылық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын. Қаскүнемдердің бірі отанында әйелі мен баласын тастап, елінен қашып кеткен.  Тек биыл тәртіп сақшылары қашқынның Беларусьтің  Гродно қаласында тұрып жатқанын анықтады. Белгілі болғандай, ер адам ұзақ уақыт бойы Мәскеу облысында тұрып келген. Өзін ұстап бермеу үшін ата-анасымен де араласпаған. 2006 жылы Беларуське көшіп барып, ескі кеңестік  төлқұжатпен жүре берген. Қазір 48 жастағы қазақстандық ұсталды және уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды.

 

Бүгін, 16:24
Мақсат - сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік қағидатын қалыптастыру
26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету