1937 жылды ұмытпаймын

03 маусым 2016, 18:12

Азалия Ахметова

«Әлі есімде, әкем жұмыстан келгенде жүгіріп алдынан шығатынмын. Үйге кірген бойда мені төбесіне көтеретін. Сол кез менің ең қуанышты сәттерім еді. 1937 жылдың қараша айы. Әдеттегідей әкемді күтім отырғанмын. Бір кезде жүзі солыңқы күйде әкем келді. Артынан көк шинель киген үш адам қоса кірді. Әкемнің жұмыс үстеліндегі заттарды ақтара бастады. Әкем де, анам да үнсіз».

Қалың газет арасынан көзге таныс бір басылымды жұлып алған кейуана «Сіздердің газетті үзбей оқимын. Жақсы дүние жазасыздар. Дизайны да басқаларға ұқсамайды» – деп, «Жас қазақтың» ең соңғы санын алдыма жайып салды. Сонан соң «Мына мақаланы оқып, егіліп жыладым. Қазақтың көрмеген азабы жоқ қой. Ғаббас Қабышұлы менімен шамалас, бірақ ойы әлі сергек екен, жазғандарын қарашы!» – деп «Жанпида» деген деректі хикаятты көрсетті. Мен бас изеп, әжейдің ойына қосылдым.

Сөз саптауы мен өзін ұстауы, жалпы ішкі мәдениеті осы бірауыз сөзінен-ақ көрініп тұр. «Газет-журналдарды үзбей оқимын. Мен сияқты кәрі кісіге бұл да бір ермек» – деп үстел үстіндегі газеттерді ақтара бастады. Арасында кейбір газеттің беті қара сыямен боялып, кейбір тақырыптарды қоршап қойған, кейбірін қайшымен қиып, қиындысын реттеп, көшірмесін жасап қойғанын байқадым. «Апа, мына газеттеріңіз, тіпті сарғайып кетіпті ғой» – дедім. «Ол сарғайған парақтар менің жанымның жартысындай қастерлі жазбаларым» – деп ауыр күрсінді. 86 жасқа келсе де, жанары суалмаған, жады өшпеген жанның зердесіне таң қалып отырмын.
«Саған көрсетейін дегенім – мынау еді» – деп әлгі қиынды арасынан «Трагедияға толы ғұмыр» деп аталатын кітаптың көшірмесін алып шықты. «Бұл – әкем туралы жазба». Кейуананың жүзінен сағыныш таңбасын көргендей болдым. Ол әлгі көшірме қағазға ұзақ тесіліп қалды…
Бұл кісі қазақтан шыққан тұңғыш гимнаст. Ғасырға жуық жасаса да, сымға тартылған сымбаты соны аңғартқандай. Тағдыр тауқыметіне еш мойымай, өмірге деген құлшынысы көзінен көрініп тұрған алматылық Азалия Ахметова туралы айтқанда, «Өмір – күрес, күресе жүріп, жеңе біл» деген сөз ойыңа оралады. Ата-анасы куғын-сүргінге ұшырап, жастайынан жетім қалған қаршадай қыздың, өмірдің қиындығына мойымай қарсы тұрғанына таңданасың.
«Мен әкемді ұстап әкеткен 1937 жылдың қарашасын ешқашан ұмыта алмаймын» – деп бастады әңгімесін кейіпкерім.
«Әлі есімде, әкем жұмыстан келгенде жүгіріп алдынан шығатынмын. Үйге кірген бойда мені төбесіне көтеретін. Сол кез менің ең қуанышты сәттерім еді. 1937 жылдың қараша айы әдеттегідей әкемді күтім отырғам. Бір кезде жүзі солыңқы күйде әкем келді. Артынан көк шинель киген үш адам қоса кірді. Әкемнің жұмыс үстеліндегі заттарды ақтара бастады. Әкем де, анам да үнсіз. Тексерушінің біреуі: «Бұл не деген құпия тыңшы. Жазу үстелінде тек қана таза қағаздар. Сіз бізбен бірге жүріңіз», – деп әкеме дауыс көтере сөйлегені әлі күнге құлағымда жаңғырып тұр», – дейді әжей ауыр күрсініп.
«Әкем – Мұталлап Ахметов қазақ, орыс тілінде жазатын журналист болған. «Қазақ тілі», «Колхозшы», «Әулие ата», «Социалистік Мақтарал» газетінде бас редактор кейіннен республикалық «Социалистік Қазақстан» газетінде тілші қызметін атқарды. Әкем халық жауы ретінде танылып, 1938 жылы наурыз айында ату жазасына кесілді. Анам – Зинаида Ахметова АЛЖИР-ге қамауға алынып, кейіннен Шығыс Қазақстанға қоныс аударылып, сол жақта қаза болды. Жастайымнан жетім қалып, тағдырдың түрлі тауқыметін бастан кешірдім ғой» деп көзіне іркілген жасын жасырып қояды кейуана.
«Өткен күнге өкпем жоқ» өмір сырғып жатыр, осы жасқа дейін бақытты ғұмыр кешіп келем деп жігерленіп қояды. Өмірімнің осылай болғанына ешкімді кінәламаймын, адам көз жасын ешкімге көрсетпеуі керек» – деп әңгімесін жалғастырды әжей.

16262a
«Балалық шағымның қиын күндері артта қалсын, ол туралы мақалалар мен эссе-әңгімелер көп жазылды» – деп әжей өзі туралы жазылған материалдарды көрсетті.
«Өмірімнің ең жарқын белесі деп, 1954 жылды айтар едім, Мәскеуде «Лужники» стадионында спортшылардың шеруіне қатысқан болатынмын.
Қасыма жақындаған екі ер кісінің бірі: Сіз, Ахметова қазақсыз ба? – деп сұрады. «Иә» дегенім сол еді, сіз неге «Еңбек резервтері» құрамындасыз – дей берген де әңгімеге екіншісі араласып: «Қызым, Алматыға барғың келе ме? Оқуыңды ҚазПИ жалғастыратын боласың, – деді. Сол күнгі қуанышымда шек жоқ. Ол бақытты сәтті сыйлаған сол кездегі білім ордасының басшылары Мәлік Ғабдуллин мен Борис Левченко болатын.
Аталған оқу орнында жүріп, көптеген спорттық жарыстарға қатыстым. Алғашқы орынды иеленбесем де, екінші, үшінші деген орыннан көрініп жүрдім» деп жастық шағын есіне түсірген кейуананың жүзі бал-бұл жанды.
Оқуын аяқтаған соң Қазақ дене шынықтыру институты (қазіргі Спорт және туризм академиясына) ұстаздық қызметке орналасады. Аталған оқу орнында 40 жылға жуық қызмет істеп, қазақ спортының дамуына үлесін қосып, зейнеткерлікке шыққан.

hqdefault
«Институт менің – екінші үйіме айналды. 40 жылға жуық менің өмірім спорт институтымен тығыз байланыста болды. Мен бұл жерде тек қана жұмыс жасаған жоқпын, өмір сүрдім десем, артық айтқаным емес. Оқу, жарыс, ғылыми конференциялар барлығы аса ыждағаттылықпен жасалатын» деп еске алған кейуана, архивіндегі біраз суретін көрсетті.
Зейнеткерлікке шықса да, қаладағы қоғамдық шараларға жиі қатысады. Әсіресе өзі еңбек еткен оқу ордасындағы ұйымдастырылатын мерекелердің құрметті қонағы. «Кейде балалық шағымның, сұрапыл елестері есіме түсіп, түнді ұйқысыз өткізем. Күні кеше болғандай көз алдымнан өтетін сәттер болады». Бәлкім, мен ол шақты ешқашан ұмыта алмайтын шығармын деп ауыр күрсінді кейуана.
Иә, сол бір сұрапыл жылдардың әжейдің жүрегінде мәңгі сақталары хақ. Алайда еш қиындыққа мойымай, ертеңінен зор үміт күтетін әжейдің, болашаққа үміті зор.
Жасы 86-ға келсе де, әрбір жылдың естелігі әжейдің көкірегінде сайрап тұр. Өмірінің әрбір белесін, қай күні болғанын, кімнің болғанын ұмытпай айтатын кейуананың есте сақтау қабілетіне тәнті болдым.

Мақпал
Ноғайбаева

Бүгін, 17:55
Түркістанда Ғазиз Байтасовқа арналған сынып пен кинозал ашылды
Бүгін, 17:35
Түркістан облысында 500 мыңға тарта оқушыға жол қауіпсіздігі бойынша сабақ өткізілді
30 тамыз, 23:58
Түркістан: Полиция департаментінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша жедел кеңес өтті
30 тамыз, 23:55
Түркістан полициясы Конституция күнін атап өтті
30 тамыз, 23:53
Түркістан облысында Конституциямен құрдас 140-тан астам полицей қызмет етеді
30 тамыз, 23:51
Түркістан полициясы Конституция күніне орай бірқатар іс-шара өткізді
30 тамыз, 1:50
Түркістан: Есірткіге қарсы ымырасыз күрес
28 тамыз, 19:46
Түркістан: Мереке қарсаңында 180-нен астам полиция қызметкері марапатталды
28 тамыз, 14:57
Түркістан: Арыс ауданында профилактикалық іс-шаралар өтуде