jasqazaq.kz

16 нысан республикалық картаға енді

08 қараша 2017, 15:29

Елбасының бағдарламалық мақаласына орай, облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы экспедиция ұйымдастырып, Жетісудың киелі жерлерін анықтау жұмысына кірісіп кетті. Бүгінде «Жетісудың киелі жерлер географиясы» бойынша 114 киелі нысанның тізімі дайындалып, Осының ішіндегі 16 нысан республикалық көлемдегі белгілі ғалымдар мен сарапшылардың іріктеуімен «Қазақстанның 100 киелі жері» картасына таңдап алынды. Алдағы уақытта еліміз бойынша жергілікті маңызы бар 500 нысанды анықтау жұмысы басталды. Оған облысымыз бойынша 50-ге тарта киелі жердің тізімі ұсынылып отыр.

Аталған жұмыстардың есебін тыңдау үшін «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының ғылыми қызметкерлері Әйгерім Қабышева, Анар Екимбаеваның қатысуымен С. Сейфулин атындағы облыстық әмбебап кітапханасының оқу залында «Дөңгелек үстел» өтті. Жиында республикалық тізімге енгізілген қосымша нысандардың тарихы, аңыз-әңгімелері қарастырылды.

– Елбасының бағдарламалық мақаласын сыдырта оқып, атүсті қарау мүмкін емес. Оның әр сөйлеміне зейін қойып, жүрегіңнен өткізгенде ғана нағыз мәнін, мағынасын түсіне аласың. Көптеген ізгі шараларға түрткі болған мақаладағы ата-бабаларымыздың табан ізі қалған киелі жерлерді анықтауға қатысты тапсырмалар баса айтылған. Ол аса мұқияттылықты, терең зерттеуді, биік сауаттылықты, әсіресе, жан тазалығын қажет етеді. Біз осындай жауапкершілікті арқалай отырып сіздермен кездесіп отырмыз. Әрине, сіздер ұсынған нысандар «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығындағы комиссияның шешімі арқылы анықталады. Сондықтан осыған қатысты тәртіптерді білгендеріңіз жөн, – деді Анар Срайлқызы.

Осыдан кейін сөз алған облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Әлия Жақыпбекова өлкеміздің бай мұрасын тілге тиек етті. Оның айтуынша, Жетісу жерінде табиғаттың барлық жауһары бар. Биік шың да, арқыраған өзен де, жыртылып, айырылған аң мен құс та осында. Тіпті, қазақ тарихының өткені мен бүгінін айқындайтын тарихи оқиғалар да осы жерде орын алған. Демек, киелі жерлерді анықтау жұмысы бұл өлкеде мұқият жүргізілгені жөн. Сонымен қатар, «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» бойынша құрылған облыстық комиссияның мүшелері де өз ойларын білдіді.

Кездесуден кейін Астанадан келген қонақтар Ақсу, Сарқан, Кербұлақ, Панфилов аудандары мен Текелі және Қапшағай қалаларындағы бірқатар тарихи, киелі орындарды аралап, тәжірибелерімен бөлісті.

Қажет Андас, Алматы облысы.

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы