jasqazaq.kz

15 тәулік те, 20 АЕК айыппұл да сабақ болмапты (Видео)

18 ақпан 2025, 12:29

Биыл қаңтарда Алматының көшесінде жылдамдықты асырып, айналасындағыларға қауіп төндірген Әлібек Әбішев деген азаматтың әкімшілік жауапқа тартылғанын жазғанбыз. Сол кезде ол қапаста 15-ақ тәулік отырып оңай құтылып кеткен.

Egov.Press Телеграм-каналы Әбішевтің тағы да «Мерседесімен» жүйткіп жүрген бейнежазбасын жариялады. Телеграм-каналда жазылғандай, ол құқық бұзушылығын видеоға түсіріп, жабық топта сататын көрінеді. Өзі бейнежазбаны «2021 жылы түсірдім» деп сендіргісі келген. Бірақ жазба авторы ол кезде мұндай автөкөліктің әлі зауыт конвейерінен шықпағанын айтады.
Алматы полиция департаменті: «Mercedes-Benz» жүргізушісі Әкімшілік қүқық бұзушылық туралы кодекстің 590-бабының 10-тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көлік құралдарын жүргізу ережесін бұзғаны үшін 20 АЕК айыппұл төлеу қарастырылады. Автокөлік айыппұл алаңына қойылды», — деген түсінік берді.
Бірақ өзін-өзі түсірген видеода Әбішевтің мұндай жазаға пысқырмайтыны байқалады. Айыппұлды сол арада төлеп тастағанын хабарлаған ол көлігін таңертең алып кететініне сенімді.
Заң және тәртіп қағидатын жүзеге асыру үшін осындай құқық бұзушылардың жолын кесу керек. Кезіндегі Үсенов сияқты біреулердің обалына қалмай тұрғанда…

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от EGOV.PRESS (@egovpress)

Jas Qazaq
Видео: Egov.Press

28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет
20 қантар, 10:48
Банкомат арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтарға қатысты деректер базасы құрылмайды – Ұлттық банк