jasqazaq.kz

15 миллион теңге жымқырған ресейлік ұсталды

22 қыркүйек 2023, 14:15

Қарағанды облысында полиция қызметкерлері қазақстандықтардан 15 миллион теңге жымқырған ресейлік ер адамды ұстады, — деп хабарлайды Polisia.kz.
Полиция қызметкерлерінің сөзінше, ер адам Алматыда ұсталған.
Қарағанды облыстық полиция департаментіне 51 жастағы Қарағанды тұрғыны арызбен шағымданды. Жәбірленушіге белгісіз біреу «банктің қауіпсіздік қызметінен қоңырау шалып тұрмыз» деп алдаған. Кейін ол жәбірленушіге оның атынан біреулер несие рәсімдеп жатқанын айтып, есеп-шотын бұғаттау қажетін айтқан. Жәбірленуші алаяқтарға 5,2 миллион теңгеден аса қаражат жіберген.
Бұл дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.
«Қарағанды облыстық полиция департаменті киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері жүргізген кешенді жедел-іздестіру іс-шарлары барысында Алматыдан 22 жастағы ресейлік ер адам ұсталды. Тергеу әрекеттері барысында тәртіп сақшылары ұсталған ер адамның Қазақстан азаматтарын алдауға байланысты бес қылмысқа қатысы барын анықтады. Жалпы келтірілген шығын көлемі 15 миллион теңге», — деді Қарағанды облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

JQ-Aqparat

06 мамыр, 13:50
Алматыда Tabiğat Labs-тың жаңа маусымы басталды
05 мамыр, 16:31
Телефон алаяқтарының арбауына түскен 25 жастағы жігіттің оқиғасы: “Бәрі бір қоңыраудан басталды…”
04 мамыр, 21:28
Ғибратты ғұмырдың жетпіс жетінші көктемі
02 мамыр, 15:32
“Эстрада 100 пайыз қазақыланды”. Қыдырәлі Болманов эстрададағы құпиясымен бөлісті (Видео)
30 сәуiр, 13:50
Алмасбек Нұғыман: Парламенттің қуатты болуы – халықтың қолдауынан
28 сәуiр, 14:24
Сары атлас көйлек
24 сәуiр, 14:22
Талғат Байеділов: Халық үніне әрдайым құлақ асамыз
24 сәуiр, 11:46
Сүтпен шай – дәстүр ме, әлде денсаулыққа қауіп пе?
16 сәуiр, 12:17
II Орталық Азия медиафорумы - ақпараттық ынтымақтастыққа арналған бірегей алаң