jasqazaq.kz

114 млн теңге субсидияның заңсыз берілгені әшкере болды

07 қараша 2017, 14:33

Түркістан қалалық прокуратурасы «Агробизнес-2020» бағдарламасының орындалу заңдылығы мен оның тиімділігіне тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде 114 млн теңге субсидияның заңсыз берілгені әшкере болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық прокуратураның мәліметінше, ауылшаруашылығы бөлімінде талаптың күшейтілгеніне қарамастан, агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға қаралған субсидия қаржысын жымқыру, шаруаларға заңсыз субсидия беру және бекітілген Ереже талаптарының сақталмауы жиі орын алған. Сонымен бірге, өзгенің жер учаскесінің құжаттарын пайдаланып, көпжылдық жеміс-жидек дақылдарын отырғызу арқылы субсидия алған 2 шаруа қожалығының алаяқтық әрекеті анықталды. Осы дерек бойынша 4 қылмыстық іс қозғалып, тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Ал, жайылымдық жер учаскесінің нысаналы мақсатын бұзып, ол жерге көпжылдық жеміс дақылдарын отырғызған шаруа қожалыққа қатысты әкімшілік іс қозғалды. Қалалық жер инспекциясы оған ҚР ӘҚБтК-нің 339 бабы негізінде әкімшілік шара қолданып, айыппұл салды. Қазіргі таңда көрсетілген заңбұзушылықтарды жойып, тиісті шара қолдану туралы Түркістан қаласы әкімінің атына ұсыныс енгізілген. Кінәлі деп танылған 6 тұлға тәртіптік жауапқа тартылды.

 

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы