Оңтүстікафрикалық боксшы Золани Тете WBO бойынша әлем чемпионы атанды. Сонымен қатар ол қарсыласын нокаутқа жіберуден әлемдік рекорд орнатты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Vesti.kz порталының мәліметінше, Тете жеңіл салмақ дәрежесіндегі өз отандасы Сибонисо Гоньемен кездескен. Тетенің алғашқы соққысы 11 секунд уақытты алды және осы соққы оның қарсыласын тұрмастай етті.
Бұдан бұрынғы ең жылдам нокауд 20 секундқа созылған. Ол 1993 жылы американдық Джеральд Маклелланның рекорды еді. Әлем чемпионы атану үшін өткен шайқаста Джеральд қарсыласын 20 секундта естен тандырған болатын.
Естеріңізге сала кетейік, салмақ дәрежесі бойынша қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов Тетемен жекпе-жек өткізетінін БАҚ жазған болатын. Алайда Жанаттың жарақат алып қалуына байланысты 2016 жылдың маусымына белгіленген ойын өтпей қалған еді. Артынша Жақиянов пен Тете 2016 жылдың қыркүйегінде жекпе-жек өткізеді деген сыбыс тарады, бірақ ол ойын де болған жоқ.
https://youtu.be/xt6wYgTnNXI