jasqazaq.kz

«100 жаңа есім»: Жетімдерді асырап алған полицей

12 желтоқсан 2017, 15:25

Жетімдер үйінен 8 бала асырап алған полиция сержанты, көпбалалы әке, үлгілі отағасы Ғалым Арыстанбаев та биылғы жылдың басты жобасының жүлдегері. Қазіргі таңда 11 бала тәрбиелеп отыр, 6-ы ұл, 5-і қыз. Асырап алған 8 баланың ішінде қазақ, әзірбайжан, қытай, өзбек, сыған, орыс, ұйғыр, татар бар. Ол әйелімен отбасы типіндегі балалар үйін ашқан. Ғалым өз әйелінің керемет қолдау көрсететінін айтады. Әйелі Әлиямен 10 жылдан астам уақыт бірге өмір сүріп келеді.
Ғалымның айтуынша олар бір-бірін түсініп, толықтырып отырады. Сол үшін де олардың отбасы түсіністікпен бақытта өмір сүріп жатыр.
Балалардың тәрбиесімен көбінесе сержанттың әйелі айналысады. Мамандығы бойынша — мұғалім. Ол өзін қазір тек отбасына арнайды, жұмысынан шыққан. Әйелінің мойнында үй мен баланың қамы. Ал Ғалым Арыстанбаев көп жылдан бері Отаны үшін аянбай қызмет етіп келеді.
Айтар болсақ отбасындағы бірлігі үшін Ғ.Арыстанбаев «Мерейлі отбасы» конкурсында 1-орынға ие болған. Конкурс 3 турдан тұрған. 44 қатысушы болған. Бұл жетістікпен отбасы тоқтап қалғысы жоқ. Олар өздерінің кішкентай үй типіндегі балалар үйін кеңейтуді жоспарлап отыр.

25 шiлде, 19:51
Түркістан облысы макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша бірінші орынға
25 шiлде, 18:40
Дина Тәжібай: Заманауи трансформатор энергия үнемдейді
25 шiлде, 11:59
Түркістан: Әлеуетті инвестор айналма жол салады
23 шiлде, 7:21
Түркістан: Шардарада ауыз сумен қамту мәселесі қаралды
23 шiлде, 7:18
Түркістан: Шардарадағы жүгері зауытында 500-ден астам жұмыс орны құрылады
21 шiлде, 21:57
Түркістан: Ауыл шаруашылығын дамытуда көш бастап тұр
21 шiлде, 21:56
Түркістан: Жарты жылда өзіндік кіріс көлемі артты
20 шiлде, 12:45
Бейбіт елдің бітімгерлік миссиясы немесе Калай-Хумбтан Голан жотасына дейін
20 шiлде, 10:45
Ғалам – «сауда соғысына» алаң