jasqazaq.kz

100 жаңа есім: Таланаттылар насихатталуы тиіс

05 қараша 2017, 14:00

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Хабар телеарнасына берген сұхбатында өзінің бағдарламалық мақаласында айтылған «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы туралы пікір білдірді.

Мемлекет басшысы Тәуелсіздіктің 26 жылында елге танылған, дүниежүзіне мақтанышпен көрсететін үздік тұлғаларды іріктеп алу қажеттігін және оларға жан-жақты қолдау көрсетілуі керектігін атап өтті.

«Тәуелсіздіктің 26 жылдығына келе жатырмыз, осы 26 жыл ішінде елге танылған, мақтауға түрарлық, сыртқа шығарып көрсететіндей, ең үздік 100 есімді анықтау керек. Есімді шығаратын — адамның өз таланты, әрине. Екіншіден, сол талантты әлемге танытып, паш ететін жағдай болуы керек. Сондықтан, ондай тұлғаларымыз 100 болса да, 25 болса да, дүниежүзіне насихаттауымыз керек. Олардың шығармаларын шет тілдеріне аударып, ақпарат құрлардарынан көрсетіп, «Қазақта осындай тұлғалар бар, осындай шығармалар бар» деп мақтануға болады», — деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Сонымен бірге, Елбасы рухани жаңғыру жұмыстарына ел болып, жұмыла кірісу қажеттігін баса айтты.

«Талай зиялылармен кездесіп жүргенде, олар көптен күткен мәселе еді деп айтты. Ал енді көптен күттік деп тағы да Астанаға қарап не айтар екен деп отырмай, әрқайсымыз осының төңірегінде жұмыс істеп, насихаттауымыз керек. Мен нақты қолға алып отырмын. Бұл негізінен жергілікті биліктің, әкімдердің қолында деп санаймын. Сол жерден басталуы керек те, әріге дейін жеткізуіміз керек. Бір сөзбен айтқанда, Қазақстан — біздің Отанымыз. Біздің басқа Отанымыз жоқ. Қазақтың Отаны — жалғыз Қазақстан. Мұның барлығы сол Отанды сүю, сол Отанды мадақтау, осы Отанды дүниежүзіне белгілі ету үшін жасалып отыр», — деді Президент.

22 тамыз, 14:11
Өнер өмірге құштарлықты арттырады немесе «Ақжайық» мектебіндегі музыкатерапия
20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы - басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы