jasqazaq.kz

100 арнайы мектепте жаңа жабдық

21 ақпан 2018, 17:37

Елімізде 100 түзету мектебін арнайы құралдармен қамтамасыз ету жұмысы аяқталды. Осыған орай 22-23 ақпан күндері Алматы қаласы «Айсер» гранд-қонақ үйінің «Шаған» залында атқарылған жұмысты қорытындылау мақсатында семинар-жиналыс өтеді.

Ерекше балалардың білім алуы мен тәрбиеленуі үшін арнайы жағдайдың болғаны шарт. Яғни, мектептердің мамандандырылған техникалық және қосалқы ресурстармен қамтылуы, дамытуға арналған дидактикалық материалдар мен әдістемелердің болуы және арнайы оқыту ойындарының өткізіліп тұруы қажет. Осылай 2005 жылдан бері бірінші рет Қазақстан аймақтарындағы барлық 100 түзету мектебін арнайы құралмен жабдықтау 2017 жылы жүзеге асырылды.

Мектептерді қажетті құралдармен жабдықтаудың нәтижесінде мамандарға арналған білім беру семинарын өткізіп, осы саладағы проблемалық мәселелерді талқылауды қажет етті. Семинар-жиналыс оқушылардың денсаулығын нығайту және сала мамандарын заманауи білім беру мүмкіндіктері мен қоғамда әлеуметтену үрдісінің жаңа қырларымен таныстыру мақсатында ұйымдастырылып жатыр.

Шарада А.И.Герцен атындағы Ресей мемлекеттік педагогикалық университетінің логопедия кафедрасының профессоры, педагогика ғылымдарының докторы Л.Баряева (Ресей), Edu-Consulting Ltd компаниясының вице-президенті, психолог Алена Володина (Израиль), «ӘБЕО Орталығы» ЖШС бас директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Р.Сулейменова, Samruk-Kazyna Trust Әлеуметтік жобаларды дамыту қорының ресми өкілі Лима Диас, сонымен қатар ҚР Министрлігінің салалық өкілдері болады.
Семинар-жиналыс Samruk-Kazyna Trust Әлеуметтік жобаларды дамыту қоры және «Ақыл-есінің немесе бой-бітімінің жетілуінде кемістігі бар балалар мен жасөспірімдерді әлеуметтік бейімдеу және кәсібі еңбекпен оңалту орталығы» ЖШС-мен бірлесе отырып ұйымдастырылып жатыр.
Анықтама үшін:

Түзету кабинеттерін жабдықтау «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының «Менің елім» әлеуметтік инвестицияларды дамыту бағдарламасының аясында жүзеге асырылып жатыр. Жалпы білім беретін, музыкалық және түзету мектептерінің толықтай жабдықталуын көздеген бағдарлама аймақтардың әлеуметтік дамуына бағытталған. Жалпы білім беретін мектептер байқау негізінде аустриялық спорт құралдармен қамтылса, музыкалық мектептер музыкалық құралдармен және аспаптармен қамтамасыз етілді. Ал түзету мектептері арнайы кабинеттерге қажетті түзету құралдарымен жабдықталды. Жаттығу сыныптарынан бөлек, түзету мектептерінде логопед және дефектологтардың кабинеті бар. Бұл кабинеттер логопедиалық тренажерлар мен массаж зондтары сияқты арнайы құралдармен қамтылған. Бұның барлығы ұсақ моториканы, есту және көру қабілетін, есте сақтау қабілеті мен сыни ойлауды және балалардың релаксациясын дамыту үшін жасалған.

03 шiлде, 16:34
Алматы тұрғындары өз ауласын өзгерте алады
03 шiлде, 13:01
Түркістан: Елді мекендерде жол жөндеу, жаңғырту, абаттандыру жұмыстары жүріп жатыр
03 шiлде, 12:38
Түркістан: Инвесторлар іскерлік байланыс орнатуға ниетті
03 шiлде, 12:08
Нұрлан Қойбағаров: Мүмкіндігі шектеулі жандардың құқығын қорғау – мәслихаттың тұрақты бақылауында
02 шiлде, 15:17
Түркістан: Заманауи зауыт пен кәсіпорын көбейіп келеді
02 шiлде, 15:08
Түркістан: Инфрақұрылымды жақсарту жұмыстары қарқынды
02 шiлде, 15:06
Түркістан облысында ауыл шаруашылығы дрондары шығарылады
02 шiлде, 14:48
Түркістан: Агроөнеркәсіп саласында алты айдың қорытындысы сараланды
02 шiлде, 14:18
Түркістан: Жаңа кәсіпорындар ашу жөнінде меморандумдар жасалды