jasqazaq.kz

10 айда 5246 пәтер пайдалануға берілді

21 қараша 2017, 10:52


Оңтүстік Қазақстан облысында биылғы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша пайдалануға берілген тұрғын үйдің жалпы көлемі 526 мың шаршы метрді (5 246 пәтер) құраған. ОҚО өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған көшпелі брифингте Шымкент қалалық құрылыс бөлімінің басшысы Әбілсейіт Рабаев хабарлағандай, бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 20,9 пайызға артып отыр.

Ал облыс орталығы Шымкент қаласында биыл жалпы аумағы 302 мың шаршы метрлік 5 мыңнан астам пәтер ел игілігіне беріледі. Сонымен қатар, «Нұрлы жер» тұрғын үй бағдарламасы аясында облыста құрылысы жоспарланған 231 нысанның жыл соңына дейін 115-ін пайдалануға тапсыру межеленген. Ал жылдың басынан 1-қарашаға дейін 61 нысан пайдалануға тапсырылған. Қалған 54 нысан жыл соңына дейін пайдалануға берілмек. Сондай-ақ, Шымкент қаласында биыл 201 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Ә.Рабаев «Айта кетерлігі, Шымкентке жалпы құны 22,5 млрд теңгеге 46 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде. Оның ішінде әкімшілік-іскерлік орталығында 32, арендалық 16, дәл сондай несиелік 16 тұрғын үй салынуда. Бұдан бөлек «Шымкент сити» шағын ауданында жалпы 14 тұрғын үйдің құрылысы жүргізіліп келеді», — деді. Сонымен қатар, «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ облыстық филиалы директорының орынбасары Ақылбек Қоспановтың айтуынша, аталған банк жүйесі бойынша биыл өңірде 982 пәтер пайдалануға беріледі. Ал 2018 жылы «Нұрлы Жер» бағдарламасы аясында облыс орталығы Шымкент қаласында 2 500-ге жуық пәтер салу жоспарланған. А.Қоспанов «3-дәрежелі баспананың шаршы метрі 140 мың теңге. Жалпы қазіргі таңда облыс бойынша 57 мыңға жуық салымшыларымыз бар. Ал олардан жинақталған сома 27 млрд теңгеден асады. Сондай-ақ, баспананы алудың тәртібіне тоқтала кетсек, конкурстан өткен салымшы үйдің жалпы құнының 30 пайызын жинақтау керек. Қалған 70 пайызын банк 5 пайыздық мөлшермен 6-15 жылға дейін несиеге беретін болады», — деді.
Айта кетерлігі, «Нұрлы жер», «Нұрлы жол» бағдарламалары бойынша халыққа тұрғын үйдің қолжетімділігін арттыру барысында пайыздық үстемелер 5 пайыздан да төмендетілді.

20 тамыз, 14:59
Түркістанда балалардың психологиялық саулығы басты назарда
20 тамыз, 13:45
Шымкентте «QH үй жағдайында мүгедектігі бар балаларды оңалту» жобасы жүзеге асырылуда
19 тамыз, 12:15
InEco Fest 2025: Алматыда экология, инклюзия және қала мәдениетін біріктірген фестиваль өтті
19 тамыз, 11:59
Музыка – жасөспірім жанының айнасы
18 тамыз, 14:54
Заманауи аппараттардан – жақсы нәтиже
16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті