Жуырда ғана әке атанған Шоқан Маратұлы ұлын шомылдырып жатқан видеосын жариялаймын деп дауға қалды. Желідегілер 1,5 айлық сәбиді үлкендерге арналған ваннада жуындырған әншіні сынап тастады, деп хабарлайды Stan.kz.
“Бала жаурап қалды ғой”, “Жаңа туған сәбиді бұлай шомылдыруға болмайды ғой”, “Нәрестені үлкендерге арналған ваннада жуындырып жатқан адамды бірінші көруім”, – деп таңғалды желі оқырмандары.
Айта кетейік, биыл ғана шаңырақ көтерген Шоқан қазан айында ұлды болды. Әнші ұлын Әлімхан деп атаған. Шоқан Маратұлы мен Әнел Баталова таяуда ғана ұлдарын қырқынан шығарған болатын.