jasqazaq.kz

1,8 млрд теңге: Кәрім Мәсімовтың Астанадағы үйі аукционға шығарылады

10 ақпан 2025, 13:33

«Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» Астананың Нұра ауданында екі қабатты зәулім үйді саудаға шығарды, деп хабарлайды jasqazaq.kz.

Аумағы 347 шаршы метр үй бір гектар жерде орналасқан. Бастапқы бағасы – 1,8 млрд теңге. Аукционға қатысу үшін 117,9 млн теңге кепілдік жарнама төленуі керек. Сауда 25 ақпанда өтеді.

Айта кетейік, «Қайтарылған активтерді басқару компаниясы» 2023 жылы құрылған. Мемлекеттің ақшасын жымқырғандардан қайтарлыған дүние-мүлікті сатумен айналысады. Сатылған активтерден түскен қаржы мемлекеттік бюджетке аударылады. Компания сайтында жер, жылжымайтын мүліктен басқа қымбат әшекейлер де сатылатыны туралы ақпарат бар.

JQ-Aqparat

Сурет: ҰҚК

18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады