jasqazaq.kz

Зиялы қауым «Абай өлеңдерін оқу» челленджіне белсенді қатысып жатыр

10 тамыз 2025, 17:09

Елімізде қазақтың ұлы ақыны, кемеңгер ойшылы Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған «Абай өлеңдерін оқу» челленджі зиялы қауым өкілдері арасында жалғасып жатыр.
Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры челленжде көш бастап, эстафетаны «Қазақстан камератасы» мемлекеттiк классикалық музыка ансамблiне жолдады. Соған орай Қазақстанның халық әртісі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Талғат Күзембаев ақынның «Өлең — сөздің патшасы, сөз сарасы» атты өлеңін оқыды.
Театр ұжымы: «Абай – біздің ұлттық санамыздың темірқазығы, рухани биігі. Оның сөзі менойы уақыт өткен сайын тереңдеп, жаңаша үн қатуда. Ұлы кемеңгердің аманатынаадал болып, оның мұрасын келешек ұрпаққа лайықты жеткізу – бәрімізге ортақ міндет. Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театр ұжымы үшін бұлмерейтойдың орны тіптен бөлек. Себебі театр тұлғаның есімін иеленіп қана қоймай,оның мұрасын сахна арқылы дәріптеп отыр», — дейді.
Қазақ кино өнерінің таудай тұлғасы Асанәлі Әшімов Абайдың «Құлақтан кіріп бойды алар» өлеңін оқыды.
Асанәлі Әшімовтың эстафетасын Қазақстанның Халық әртісі, танымал эстрада әншісі Роза Рымбаева қабыл алды. Әнші Абайдың «Есіңде бар ма жас күнің» атты өлеңін оқыды.
Сондай-ақ белгілі актриса Жанна Қуанышева Қайрат Байбосынұлы мен Қайрат Айтбаевтан челленджді қабылдап, Абай Құнанбайұлының «Будь разборчив в пути своем» атты өлеңін жүрекпен оқыды.
Жанна Қуанышевадан эстафетаны қабыл алған актриса Гүлнара Досматова ақынның «Тихой ночью» атты өлеңін оқыды.
Осылайша, ұлы ақынның 180 жылдығына арналған челлендж ойдағыдай жалғасып жатыр.
JQ-Aqparat

Сурет: видеодан кадр

20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді