Зілзаладан зардап шеккен Ауғанстанға көмек қолын созамыз

09 қазан 2023, 14:31

Ауғанстанда сенбі күні болған 6,3 балдық жер сілкінісі болды. Reuters агенттігі жазғандай, жер сілкінісінен 2053 адам қаза тауып, 9240 адам жарақат алған. 1329 үй ішінара зақымданған немесе қираған.

Құрбан болған 200-ден астам адамның денесі түрлі ауруханаларға жеткізілді.
Ақпарат және мәдениет министрлігінің өкілі Абдул Вахид Райанның айтуынша, провинцияда шамамен алты кент қирап, жүздеген тұрғын үйінді астында қалды. Жергілікті тұрғындар Герат қаласында түске таман кем дегенде бес күшті жерасты дүмпуі болды деседі.

Бүгін Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізден Ауғанстанға гуманитарлық көмек жөнелтіледі. Бұл мәселе Үкіметтік комиссияның отырысында талқыланды.
Азық-түлік тауарлары, шатыр, дәрі-дәрмек, киім-кешек және басқа да қажетті заттарды жақын арада әуе және теміржол көлігімен жеткізілмек.

Сондай-ақ Ауғанстанға үйінді астында қалған адамдарды құтқару үшін ТЖМ құтқарушылары, соның ішінде кинолог мамандар жіберіледі.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді