Жүргізуші куәлігін беру рәсімі күшейтілді

14 тамыз 2023, 13:55

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталықтарында (автоХҚКО) жүргізуші куәлігін алу рәсімі қатаңдатылғанын хабарлады.  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Ішкі істер министрлігімен бірлесіп, мамандандырылған автоХҚКО қызметіне мониторинг жүргізді. Бұған бірнеше жыл бойы көлік құралдарын заңсыз ресімдеумен айналысқан nопқа қатысты қылмыстық істер түрткі болды. Мониторинг барысында автокөліктерді тіркеу мен жүргізуші куәліктерін заңсыз берудің шарттары анықталған.

Ақпараттық жүйелердің осалдығы, процестердің жеткіліксіз цифрландырылуы, көлікті тіркеу процедурасының жетілдірілмегендігі, емтихандарды қабылдаудағы құқықтық олқылықтар, автомектептерде атүсті оқыту – осы факторлардың барлығы заңсыз делдалдық қызметтердің пайда болуына ықпал еткен.

Мониторинг нәтижесінде cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі уәкілетті мемлекеттік органдардың атына 22 ұсыныс жолдаған. Бүгінде бұл ұсыныстардың жартысынан көбі орындалған. Мәселен, ІІМ өзінің барлық аумақтық бөлімшелерінде автокөлік құралдарының дерекқор базасына түзету енгізу мүмкіндігін жапты.

Сондай-ақ ішкі істер министрінің бұйрығымен жүргізуші куәліктерін беру рәсімі күшейтілді. Онда емтихан алушылардың міндетті биометриясы мен тестілеудің барлық процесін видеотіркеу енгізілді, емтихандарды қайта тапсыру регламенті өзгертілді.

Пилоттық режимде автоХҚКО мен ІІМ-де жаңа ақпараттық жүйелер іске қосылды. Жүйеде автомобильдердің деректерін, міндетті төлемдер мен алымдарды, айыппұлдарды автоматты цифрлық салыстыру тетіктері көзделген, кез келген түзетулер енгізу мүмкіндігі алынып тасталды.

Осы ретте мамандандырылған ХҚКО қызметкерлерін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық субъектілеріне жатқызу ұсынылды. Заң жобасы Парламентке қарауға жіберілді.

Дегенмен автоХҚКО-ларда құжаттарды ресімдеуге көмек ұсынатындар әлі де болуы мүмкін. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ондай «көмекшілердің» заңсыз қызметіне жүгінбеуді, ондай фактілерге тап болған жағдайда 1424 қысқа нөмірі бойынша Антикорға дереу хабарлау керек екенін ескертеді.

JQ-Aqparat

 

 

 

Бүгін, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
Бүгін, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады