jasqazaq.kz

Жұмыссыз жастарды министрлік іздемек

08 ақпан 2023, 14:01

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі енді жұмыссыз жүрген азаматтарға sms хабарлама жібереді. 13 ақпаннан бастап елдегі 12 мың жас азаматқа 1414 нөмірінен хабарлама жіберіледі. Бұлар 23-35 жас аралығындағы азаматтар.

«Бұған дейін біз жұмыссыз жүрген азаматтардың өздері өтініш жібергенін күтіп отыратын едік. Енді біз олардың телефонына өзіміз SMS жібереміз. Хабарламада еңбек министрлігі әлгі азаматқа жұмыс іздеу мүмкіндігін пайдалануды, тегін оқудан өтуді, немесе жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем алуды ұсынады. Қосымша ақпарат қажет болса, хабарламада тұрған сілтемені басуға болады. Сілтемеге өткен адам қандай бос жұмыс орындары бар, біліктілікті арттыру курстарына қалай баруға болады деген сияқты сұрақтарға жауап алады. Немесе 1414 нөміріне қоңырау шалуға болады», – деді министрліктің халықты жұмыспен қамту департаментінің директоры Асқар Ниязов.

Министрліктің пилоттық жобасы жалғасын тауып, хабарлама саны ұлғая бермек. Себебі елімізде жастардың арасында жұмыссыз жүргендері 80 мыңға жетеді. Әсіресе Түркістан, Жамбыл облыстары мен Алматы қаласында жастардың жұмыссыздық деңгейі жоғары.

JQ-Aqparat

09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
05 тамыз, 12:34
Бала жанын түсіну – рухани жауапкершілік
31 шiлде, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
31 шiлде, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
31 шiлде, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ
31 шiлде, 14:48
Қолжетімді баспана – мемлекеттік тұрғын үй саясатының басым бағыты
31 шiлде, 12:19
Жетісайда мүмкіндігі шектеулі жандардың өтініші басты назарда
31 шiлде, 11:55
Қазақстан жаһандық процестерге белсене араласады