jasqazaq.kz

Жұмбақ жағдайда жоғалған жігіттің мәйіті табылды

01 желтоқсан 2017, 11:04

Алматыда жұмбақ жағдайда жоғалған жігіттің мәйіті табылды. 16 қарашада үйінен шығып кеткен Әлихан Ешімовті туыстары табандарынан таусылып, екі апта бойы іздеген болатын. Ал, марқұмның денесі оның көлігі табылған әуежай маңындағы көлден шыққан. Онда да іздеушілер көлдің суын ағызып, азайтқаннан кейін ғана әрең тауыпты, — деп хабарлайды КТК.

24 жастағы жігіт сол күні көлігі бұзылған достарына көмектесу үшін кеткен екен. Түнде анасына хабарласып, кері қайтатынын ескертіпті. Бірақ, содан бері хабар-ошарсыз кеткен. Ертеңіне ол мінген көлік әуежай маңайындағы көлдің жанынан табылады. Ал, көлік ішіндегі жігіттің телефоны, құнды заттары мен құжаттарына ешкім тиіспепті. Кейін Әлиханды іздеуге еріктілер тобы қосылып, тіпті сарбаздар иісшіл иттермен төңіректі шолып шыққан. Қазір табылған мәйітке сараптама жасалып жатыр. Полиция тергеу шараларын бастап кеткен.

10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
05 тамыз, 12:34
Бала жанын түсіну – рухани жауапкершілік
31 шiлде, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
31 шiлде, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
31 шiлде, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ
31 шiлде, 14:48
Қолжетімді баспана – мемлекеттік тұрғын үй саясатының басым бағыты
31 шiлде, 12:19
Жетісайда мүмкіндігі шектеулі жандардың өтініші басты назарда