Жүк вагондарынан тұрмыстық техника ұрлаған топ ұсталды

26 қазан 2023, 16:50

Алматыда жүк вагондарынан тұрмыстық техника ұрлаған топ ұсталды Көлік полицейлері жүк вагондарынан тұрмыстық техника ұрлаған бір топ адамды ұстады.
Polisia.kz. хабарлағандай, Алматы-1 станциясындағы желілік полиция басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Алматы облысының екі тұрғынын ұстады.
көліктегі полиция департаметінің бастығы Бақытжан Малыбаев:
«Күдіктілердің алдын ала сөз байласу арқылы Жетіген станциясында ҚХР – Алматы бағыты бойынша қатынайтын жүк вагондарынан бірнеше рет тұрмыстық техникаларды ұрлағандары анықталды (аквариумға арналған жабдық – 43 дана, 14 кондиционер, 114 су жылытқыш, 63 электр плита)», — деді.
Қасақана жасалған қылмыстық әрекеттердің салдарынан жекеменшік компанияларға 9 млн теңгеден астам сомаға материалдық залал келтірілген. Көлік полицейлерінің жедел әрі үйлесімді жүргізген іс-шараларының арқасында жәбірленушілерге келтірілген залал толық көлемде өтелген. Сондай-ақ ведомства басшысының айтуынша, қазіргі уақытта аталған фактіге қатысты Алматы 1 станциясындағы ЖПБ қызметкерлері Қылмыстык кодекстің 188-бабтың 3-бөлігі 3-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Онда мүлкi тәркiленіп, екі жылдан жетi жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеу, не сол мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылған.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу