jasqazaq.kz

Жүк көлігінің жүргізушісі полицейлерге бағынбай, қашып кетпек болды (Видео)

29 шiлде 2025, 12:37

Ақтауда бір топ полиция жол ережесін бұзған жүк көлігінің жүргізушісін әрең тоқтатты. Сақшылар тәртіпке бағынбаған көліктің артынан жаяу қуған. Бірі терезесіне жармасып, таспен ұрғылады, келесі бір топ оның жолына көліктің дөңгелегін тесетін темір төсеген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«29 шілде күні сағат 02:00 шамасында Ақтау қаласына қарасты Промзона елді мекенінде «Мирас» жасағы ірі жүк көлігін тоқтатпақ болды. Алайда жүргізуші заңды талапқа бағынбай, қозғалысын жалғастырып, қала аумағына кіріп кетті. Полиция қызметкерлері жүк көлігінің бағыты бойындағы көлік жүргізушілерін және жаяу жүргіншілерді жедел ескертіп, жол-көлік оқиғасының алдын алды. Жүргізуші қала ішінде бірнеше рет жол жүру ережесін өрескел бұзды. Көлікті тоқтату үшін арнайы шипты бөгет («кірпі») орнатылды. Дегенмен жүргізуші қозғалысын жалғастырып, 14-шағынаудан аумағына кіріп барып тоқтады. Оқиға барысында жол-көлік оқиғасы тіркелген жоқ»,- деп хабарлады Ақтау қаласының полициясы.

Жүргізуші алкогольдік масаң күйде болған. Қазіргі кезде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес хаттамалар толтырылып, іс сотқа жолданды. Жүк көлігі арнайы айып тұрағына қойылды.

 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

 

Публикация от Ресми №1 парақша (@hype_aktau)

20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді