Жүк көлігін ұрлап, кабинасында ұйықтап қалыпты

10 қараша 2023, 10:46


Астанада мас азамат жүк көлігін ұрлап, оның кабинасында ұйықтап қалған. Polisia.kz хабарлағандай, Байқоңыр аудандық полиция басқармасына қала тұрғыны Ивеко көлігінің жоғалғаны туралы хабарлаған. Ер адам айтқандай, көлікті Кербұлақ жолындағы үйдің жанында қалдырған. Ұрланған көлікті іздеуге полицияның тиісті қызметтері жұмылдырылып, жедел іс-шара барысында патрульдік полиция қызметкерлері Республика даңғылының бойында ұрланған жүк көлігін тапқан. Белгілі болғандай, аталған көліктің ішінде масаң күйде оны тізгіндеп кеткен ер азаматтың ұйықтап жатқанын анықтап, тиісті шара қабылдаған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында 37 жастағы Астана тұрғыны түнде тұрғын үйдің жанынан есіктері ашық қалған жүк көлігін көріп, жолға шығуға шешім қабылдап, көлікті ұрлап кеткен. Ұрлық фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 200-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ер адамның бұрын сотты болғаны анықталып, оның елордада жасалған осыған ұқсас басқа да қылмысқа қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу