jasqazaq.kz

Журналистің сауалына жауап берілуі тиіс!

19 қантар 2017, 19:41

Еліміздің Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мемлекеттік органдардың журналистік сауалдарға жауап беру жұмысын қатаң бақылауға алатын болады, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы мемлекеттік саясат департаменті директорының орынбасары Бекзат Раxымовтың айтуынша, бүгінде журналистік сауалға дер кезінде жауап бермеген лауазымды тұлғалар тәртіптік жазаға тартылуы тиіс. Аталған шара заңда ашық жазылмаса да, xалықтың арыз-шағымдарына жауап беруге қатысты қызметтік инструкцияда анық көрсетілген. Дегенмен, осы уақытқа дейін журналистік сауалға жауап бермегені үшін тәртіптік жазаға тартылған лауазымды тұлғалардың статистикасын ешкім жүргізбеген. Сондықтан оны арнайы комиссияның аясында жүргізу көзделген. «Алдағы уақытта біз ол статистиканы жариялайтын боламыз. Сосын ресми сауалға жауап бермегені үшін тек баспасөз xатшысы ғана тәртіптік жазаға тартылады деп ойлау дұрыс емес. Баспасөз қызметі мен ресми өкіл сауалдың уақытында орындалуын бақылайды. Ал сол мәселеге жауапты құрылымдардың мойнында нақты жауапкершілік болады», — дейді Раxымов. Оның сөзіне қарағанда, жаңа заңның аясында барлық мемлекеттік органдарда бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс жасайтын ресми өкілдерді бекіту, я болмаса, құзіретті құрылымдарды (баспасөз қызметтері, қоғаммен байланыс департаменттері — авт.) құру міндеті қарастырылған. «Иә, қазіргі кезде барлық орталық мемлекеттік органдарда ондай құрылымдар бар. Ендігі кезекте, жергілікті жерде осы жұмысты жалғастыру қажет. Біз өз тарапымыздан барлық шараларды үйлестіріп отыратын боламыз», — дейді Раxымов. Айта кетейік, бүгінде ақпарат және коммуникациялар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы заңға қатысты 200-ге жуық ұсыныс бар. Арнайы жұмыс тобы осы өзгерістердің бәрін жан-жақты зерделеп шықты.

 

Бүгін, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
Бүгін, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті