Журналистер түрік тілін тегін үйренеді

20 қазан 2023, 18:33

Алматыда Республика күні қарсаңында журналистерге арналған тегін түрік тілін оқытатын курс басталды.

Жобаны Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне қарасты Еуразия ғылыми-зерттеу институты ұйымдастырды. Түрік тілін үйрену сабақтарының салтанатты басталуы Қазақстан Республикасы күніне және Түркия республикасының 100 жылдығына орайластырылған.


Іс-шараның ашылу салтанатына Түркия Республикасының Алматы қаласындағы бас консулы Эурен Мүдеррісоғлу, Қ.А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің Өкілетті кеңес төрағасы, профессор, доктор Мұхиттин Шімшек, «Alatau Aqparat» медиахолдингінің Бас директоры Ержан Қалымбайұлы, Еуразиялық ғылыми-зерттеу институтының директоры, доктор Суат Бейлюр, ҚР Орталық мемлекеттік архивінің директоры, тарих ғылымдарының кандидаты С.Қ. Шілдебай, сондай-ақ БАҚ өкілдері мен музей қызметкерлері қатысты.
Түркия Республикасының Алматы қаласындағы бас консулы Эурен Мүдеррісоғлу қатысушыларды ұлттық мереке – Республика күнімен құттықтай келе:
— Түркия Қазақстанның тәуелсіздігін алғаш болып мойындаған мемлекет. Содан бері мемлекеттеріміздің бауырластық байланыстары нығайып келеді. Бүгін түбі бір туыс елдер арасында тағы бір маңызды қадам жасалды. Себебі, тіл – халықтарды жақындастырады, жақын танып, терең түсінуге жол ашады, — деді.


Еуразиялық ғылыми-зерттеу институтының директоры Суат Бэйлүр түрік тілін Түркиядан Алматыға арнайы келген оқытушылар үйрететінін атап өтті. Оның сөзінше, курсты «Alatau Aqparat» медиахолдингінің 20 қызметкері, сондай-ақ ҚР Орталық мемлекеттік архивінің қызметкерлері оқиды.
Өз кезегінде «Alatau Aqparat» медиахолдингінің Бас директоры Ержан Қалымбайұлы түрік тілін үйрену — 200 миллиондай халқы бар Түркі Әлемінің қақпасын ашуға жақсы мүмкіндік екенін айтты. Жоба нәтижесінде журналистер Түркия және түркітілдес елдердің жетекші БАҚ-тарында тағылымдамадан өтіп, аталған елдерде ары қарай білімдерін жетілдіре алады.
Айта кетейік, мамыр айында «Alatau Aqparat» медиахолдингі мен Еуразиялық ғылыми-зерттеу институты арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған болатын.
Журналистердің тіл оқуы аталған әріптестік құжаты шеңберінде жүзеге асырылды. Түрік тілінің толық курсы 6 деңгейден тұрады. Бір деңгей 80 академиялық сағатқа есептелген. Курс аяқталғаннан кейін қатысушыларға Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті лингвистикалық орталығының арнайы сертификаттары беріледі.

Айдос Құсайынұлы

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу