jasqazaq.kz

Жолдау 2024: «Таза Қазақстан» экологиялық болашақ үшін миллиондаған адамдарды біріктірді

27 тамыз 2025, 9:12

Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауын және өзге де тапсырмаларын жүзеге асыру аясында елімізде қоғамда экологиялық құндылықтарды, табиғатқа деген қамқорлық қатынасты қалыптастыру, сана мен ой тазалығын сақтау бағытында жұмыстар жүргізілуде.

Атап айтқанда, республикада «Таза Қазақстан» экологиялық мәдениетті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы әзірленді. Құжат экологиялық мәдениетті қалыптастырудың кешенді тәсіліне бағытталған.
Негізгі бағыттар арасында:
▫️ халықтың экологиялық ойлау мен мінез-құлқын жақсарту;
▫️ экологиялық жауапты өмір салтын ынталандыру жүйесін құру;
▫️экологиялық ағарту және білім беру;
▫️экология мәселелерін кең көлемде ақпараттық қамту.
«Тұжырымдама азаматтардың табиғатқа деген құрметін қалыптастыруға, қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын түсінуге және экологиялық мәселелерді шешуге белсенді қатысуға бағытталған», — деп атап өтті экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев.
Бизнес пен ірі кәсіпорындардың рөліне ерекше назар аударылуда – олар табиғатты аялау бастамаларын жүзеге асырудағы маңызды серіктестер ретінде қарастырылады.

Еліміздегі көптеген компаниялар қазірдің өзінде «Таза Қазақстан» аясындағы іс-шараларға қатысып, тұрақты технологиялар енгізіп, өздерінің қатысатын өңірлерде экожобаларға қолдау көрсетуде.

«Таза Қазақстан» экологиялық бастамасы басталғаннан бері республика бойынша 1 мыңнан астам экологиялық акция өткізілді, оған 10,4 млн-нан  астам адам қатысты, оның ішінде 586 мың ерікті бар.
«Жалпы 1,6 млн тоннадан астам қалдық жиналып, 859,6 мың га аумақ тазартылды», — деп нақтылады Ерлан Нысанбаев.
«Таза Қазақстан» бастамасы азаматтардың жүйелі көзқарасы, саяси ерік-жігері мен белсенді қатысуы нақты жемісін бере алатынын көрсетті. Ел тұрақты экологиялық даму бағытын айқындап алға басады, бастама әрбір тұрғынның қоршаған орта үшін жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру үшін берік негіз жасайды.

JQ-Aqparat

24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады
23 қантар, 19:56
Көмірді кәдеге жарату немесе энергетикалық тәуелсіздік
23 қантар, 15:48
Көздегені пайда, білім сапасы қайда!?
22 қантар, 15:22
Қазіргі депутаттар жаңа Құрылтайға қайта сайлана ма?
20 қантар, 14:02
Президент: Неке институтын ер мен әйелдің ерікті одағы ретінде заңнамалық тұрғыда нығайту қажет
20 қантар, 10:48
Банкомат арқылы қолма-қол ақша алатын азаматтарға қатысты деректер базасы құрылмайды – Ұлттық банк
19 қантар, 13:48
Аида Балаева балаларға арналған кітаптардың жоқ екенін ашып айтты
12 қантар, 13:42
Заңгер: Кінәсі сотпен дәлелденсе ғана - қылмыскер
26 желтоқсан 2025, 17:18
ЮНЕСКО тізімі және цифрландыру: тарихи-мәдени мұраны сақтау саласында қандай жұмыс жүргізілді?