Жол жөндеуге бөлінген қаражатты ұрлағандар жазаланды

08 қараша 2023, 10:51


Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары автомобиль жолдары саласындағы заңбұзушылықтарды анықтады.
Петропавл қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің лауазымды адамдары қаланың 20 көшесін жөндеу үшін орындалған жұмыс актілеріне қол қойған. Олар іс жүзінде белгіленген стандарт нормаларына сәйкес келмеген.
«Осы лауазымды тұлғалар заң талаптарына қайшы, мердігерлік ұйымдардан асфальтбетон қоспасына сәйкестік сертификатынсыз, облыс орталығының көшелерін ағымдағы жөндеу жұмыстарын қабылдаған. Қадағалау органының актісі бойынша жол берілген бұзушылықтарды жою, сондай-ақ лауазымды адамдарды белгіленген жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қабылданды. Ғ.Мүсірепов ауданында 2022 жылы прокурорлық тексеріспен автомобиль жолдарын жөндеуге бөлінген бюджет қаражатын ұрлау фактісі анықталды.Ауданның ТКШ бөлімінің басшысы «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР заңының талаптарына қайшы, автомобиль жолдарын жөндеуге 427 млн теңге көлемінде ақы төленген, ол бойынша жұмыстар нақты орындалмаған», — делінген СҚО прокуратурасы хабарламасында.
Осылайша қадағалау органының материалдарына сәйкес СҚО бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысына, мердігер ұйымның директорына және техникалық қадағалау сарапшысына қатысты бюджет қаражатын ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді тіркеді.
Осы жылдың 10 қазанында Петропавл қалалық сотының үкімімен аталған адамдар Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-тармағы 2-тармақшасымен қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысына 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу