Алматыда Toyota көлігінің жүргізушісі аз ғана уақыттың ішінде 81 рет жол ережесін бұзды.
Полицейлердің мәліметінше, оған салынған жалпы айыппұлдың көлемі 1 миллион 29 мың 615 теңге болды.
«Бұл бұзушылықтар қаладағы бейнежүйе арқылы тіркелген. Жүргізуші көбіне жылдамдықты асырған. Оны «Қорғау – қауіпті жүргізуші» автоматтандырылған жүйесі арқылы анықтап, ұстадық», – деді Алматы полиция департаментінің жергілікті полиция қызметінің бастығы Ержан Ұзабаев.
JQ-Aqparat