Жол апатынан 3 шетелдік көз жұмып, екеуі ауруханаға түсті

30 қазан 2023, 14:25

Самара-Шымкент тасжолының Қобда ауылы маңында екі көлік соқтығысты. Үш адам көз жұмды. Олар — Өзбекстан және Тәжікстан азаматтары, деп хабарлайды Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметі. Оқиға 29 қазан күні болды.

Самара-Шымкент тасжолының 606-шақырымында «Kia-Rio» автокөлігінің 34 жастағы жүргізушісі Батыс Қазақстан облысынан Ақтөбе облысының Қобда ауылына қарай келе жатқан «Chevrolet-Captiva» автокөлігімен соқтығысқан.
«Kia-Rio» автокөлігінің жүргізушісі — Тәжікстан, ал «Chevrolet-Captiva» автокөлігінің жүргізушісі — Өзбекстан елінің азаматы.
— Апат салдарынан екі жүргізуші және «Chevrolet-Captiva» жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ, екі көлік құралының екі жолаушысы әртүрлі жарақатпен Қобда аудандық ауруханасына жатқызылды. Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды, — деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу