Жоқ пәтерлерді жалға беретін алаяқ ұсталды

20 қазан 2023, 15:27


Астанада жоқ пәтерлерді жалға берген алаяқ қолға түсті. Жедел-іздестіру шаралары барысында Байқоңыр аудандық полиция басқармасының қызметкерлері жылжымайтын мүлікке қатысты алаяқтықпен айналысты деген күдікпен 28 жастағы Астана тұрғынын анықтады.
Оның азаматтарды алдау бойынша 6 фактіге қатыстылығы белгілі болды. Ол жылжымайтын мүлік сайтында жалға берілетін жылжымайтын мүлік туралы жалған хабарландырулар жариялаған.
Пәтердің интерьерінің түрлі-түсті фотосуреттерін көрсетіп, тұрғын үйді арзан бағамен жалға берем деп адамдарды үміттендіріп, пәтер жалдауға хабарласқандармен мессенджер немесе телефон арқылы үзіліссіз үгіттеу сөздерін жүргізген.
Сөйтіп оңай жолмен келген олжасын онлайн аударымдар арқылы алып отырған. Мәселен осы жағдай бойынша 58 жастағы Астана тұрғыны алаяқтың арбауына түсіп, пәтер жалдауға бел буып, бейтаныс адамға 10 мың теңге беріп, пәтерді брондатқан фактісі де тіркелген.
Аталған фактілер бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Қазіргі уақытта басқа да жәбірленушілер анықталып жатыр. Алаяққа қатысты үйқамақ бұлтартпау шарасы таңдалды.

JQ-Aqparat

01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді
24 шiлде, 15:23
Түркістан: Басты мақсат-қылмыстың алдын алу