jasqazaq.kz

Жоғары аудиторлық палата МӘМС жүйесіндегі бұзушылықтарды анықтады

27 қантар, 12:45

Жоғары аудиторлық палата МӘМС-тен бұзушылықтар анықтады, деп хабарлайды, jasqazaq.kz. Өткен жылы Жоғары аудиторлық палата Президент әкімшілігінің тапсырмасына сәйкес, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамы және оның өңірлік филиалдары қызметінің тиімділігіне мемлекеттік аудит жүргізді.

Жоғары аудиторлық палатаның мүшесі Нұрлан Нұржанов Үкімет сағатында аудиттің қорытындылары бойынша анықталған бұзушылықтар мен негізгі мәселелерге тоқталды.

Аудит қорытындысы қор активтерінің үдемелі өсуін көрсетті. 2022 жылы активтердің түсімі 1,2 трлн теңгені құраса, 960 млрд теңгесі пайдаланылды.
Нұрлан Нұржанов: «2023 жылы активтердің түсімі 1,4 трлн теңгеге дейін ұлғайып, оның 1 трлн теңгесі пайдаланылды. Қордың инвестициялық табысы 2022 жылғы 66,7 млрд теңгеден, 2023 жылы 113,4 млрд теңгеге дейін өсті, комиссиялық сыйақысының да үдемелі өсуі байқалады.

Алайда қордың қолданыстағы Қаржы моделінің болжамына сәйкес, таяудағы 5 жылда Медициналық сақтандыру жүйесінің ағымдағы дамуы оның тұрақсыздығына әкеп соғады деп қарастырылды. Нақтырақ айтсақ, қордың болжамды түсімі мен шығысына сәйкес, 2026 жылға қарай жыл сайынғы шығысы түсімнен асып, қор 2031 жылдан бастап міндеттемесін орындай алмайды деп есептеліп отыр», — деді.

Аудит нәтижесі қордың жасаған қаржылық моделінде бірқатар кемшіліктердің бар екендігін көрсетті.

«Қор регламентіне қайшы келетін қаржылық моделінің түсімдерін қалыптастыру кезінде демографиялық болжамның орнына халықтың орташа өсімі қолданылғаны анықталды, сондай-ақ инвестициялық табысты есептеу кезінде қаржы құралдары бойынша сыйақының орташа мөлшері 13,5 пайыздың орнына 11 пайызға дейін төмендетіліп есептелген.

Шығыс болжамына келетін болсақ, Медициналық сақтандыру жүйесіне қатысы жоқ, Тегін кепілдендірілген медициналық көмек есебінен қаржыландырылатын шығыстарда қарастыратын көрсеткіштерді;

— нақты орындалған шығыстардың орнына жоспарлы мәндерді;
— медициналық қызметтерге арналған шығыстарды қаржыландыруға пайдаланылмайтын резервтерді қарастыруға қатысты кемшіліктер анықталды. Қысқасы, жүргізілген аудит 2022-2023 жылдарға арналған қаржы моделінің кіріс және шығыс бөлігі жалпы көлемі 351 млрд теңгеге дұрыс қалыптастырылмағанын анықтады.

JQ-Aqparat

Фото: Sputnik

12 қараша, 13:39
Алматының Бостандық ауданында жаңа емхананың құрылысы аяқталуға жақын
11 қараша, 11:04
Дархан Сатыбалды: Сәулеттік жарықтандыру қаланы заманауи әрі қауіпсіз етеді
10 қараша, 10:44
Дархан Сатыбалды Алматыдағы жаңа скверді аралады
31 қазан, 19:45
APEC ашық әрі әділ сауда-саттықты қолдауға шақырды
31 қазан, 14:42
Түркістанда өңдеу өнеркәсібі жаңа деңгейге көтерілді
31 қазан, 12:49
Жанар Жазылтаева: Жаңа Салық кодексі салық салу жүйесін жеңілдетуге бағытталған
30 қазан, 15:25
Меруерт Ибраева: Қазақстан индустриясы жасанды интеллект дәуіріне қадам басты
30 қазан, 15:09
Қанат Қайыпбек: Жаңа Салық кодексі Түркістан кәсіпкерлеріне оңтайлы жеңілдіктер ұсынады
30 қазан, 11:54
АҚШ пен Венесуэла: соғыс бола ма, болмай ма?