jasqazaq.kz

Келесі жылы Жәбірленушілерге өтемақы қорына және Арнайы мемлекеттік қорға аудит жүргізіледі

24 желтоқсан 2025, 14:23

Бюджеттен тыс қандай қорлар Жоғары аудиторлық палатаның тексеру объектісіне айналуы мүмкін? Бұл туралы ведомство төрағасы Әлихан Смайылов Мәжіліс отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында айтты, деп хабарлайды jasqazaq.kz.
Қазіргі уақытта Жоғары аудиторлық палата осындай мекемелердің базасын жасап жатыр. Тізімде шамамен 18 қор бар. Олардың қатарында Ұлттық қор, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ), Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры, Жәбірленушілерге өтемақы қоры, Арнайы мемлекеттік қор бар.
2025 жылы аудиторлық іс-шаралар шеңберінде БЖЗҚ мен ӘМСҚ-ға тексерулер жүргізілді.
2026 жылы Жәбірленушілерге өтемақы қорына және Арнайы мемлекеттік қорға аудит жүргізу жоспарлануда.
«Бұл салада аудит жүргізудің бірыңғай әдістемесінің болмауы олардың жұмыс тиімділігін бағалауда қиындық тудырады. Сондықтан біз Азия даму банкінің қолдауымен халықаралық практиканы зерттеудеміз. Нәтижесінде бюджеттен тыс ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстар әзірлейміз», — деді Әлихан Смайылов.

JQ-Aqparat

Сурет: @auditpalatasy

15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге