jasqazaq.kz

Жоғары аудиторлық палата: 70 материал құқық қорғау органдарына беріледі

24 желтоқсан 2025, 13:19

Жоғары аудиторлық палата 2025 жылы жүргізген аудиттердің қорытындысы бойынша 70 материал құқық қорғау органдарына беріледі, деп хабарлайды jasqazaq.kz. 
Мәжіліс отырысынан кейін БАҚ-қа арналған брифингте Жоғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов ведомствоның 2025 жылғы жұмысының алдын ала қорытындысын шығарды.
19 желтоқсандағы жағдай бойынша Жоғары аудиторлық палата 71 трлн теңгеден аса қаражатты қамтыған 32 аудиторлық іс-шараны аяқтады.
Срның нәтижесінде 2 трлн теңгеден аса бұзушылықтар (қаржылық бұзушылықтар, тиімсіз пайдалану және жоспарлау) анықталды.
193 заңды тұлға әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Тағы 204 адам әртүрлі тәртіптік жауаптылыққа тартылды.
Қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бар 70 материал құқық қорғау органдарына жіберіледі. Олардың 44-і бойынша материалдар жіберілсе, 26-сы қаралу сатысында.
«Бұл жұмыс тұрақты жүргізілуде және қатаң бақылауда», — деп қорытындылады Әлихан Смайылов.

JQ-Aqparat

Сурет: Gosaudit.kz

 

15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр
13 наурыз, 16:07
Тіршілік нәрі судың нарқы қашанда қымбат
12 наурыз, 15:28
Қызылордада тұрғын үй құрылысы қарқын алып келеді
11 наурыз, 12:19
«Таза Қазақстан» акциясы биыл өз жалғасын таппақ
10 наурыз, 15:21
Елімізде 163 жаңартылатын энергия нысаны жұмыс істейді - вице-министр
05 наурыз, 16:08
Батыс Қазақстанда су тасқынына қарсы дайындық шаралары күшейтілді
18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге