jasqazaq.kz

Жоғалған отбасы мүшелерінің SIM-карталары түрлі қалада қосылады – Атырау полициясы

13 қантар, 16:02

Атырау облысы Полиция департаменті жұмбақ жағдайда жоғалған отбасыға қатысты істің мән-жайы туралы ақпарат берді.
Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мейірім Ердәулеттің айтуынша, ерлі-зайыптылардың қызы із-түзсіз жоғалу дерегі бойынша халықаралық іздеуге «сары бюллетеньмен», ал оның күйеуіне қылмысқа қатысы бар күдікті ретінде іздеу жарияланды.
Қазіргі кезде олардың жүрген жерін анықтау және полицияға жеткізу бағытында жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Оларға тиесілі SIM-карталардың еліміздің түрлі қаласында белсенді екені жөнінде мәлімет бар.
Сондай-ақ әлеуметтік желіде ерлі-зайыптыларды тұншықтырып өлтірілгені туралы ақпаратты полиция жоққа шығарды.
Бұл туралы Мейірім Ердәулет: «Марқұмдардың денесінде пышақпен салынған жарақаттар анықталды, яғни тілінген, кесілген дене жарақаттары тіркелді. Мәйіттерге сот-медициналық сараптама жасалды. Сарапшылардың қорытындысын күтіп отырмыз», – деді.
Қазір кісі қолынан мерт болған ерлі-зайыптылардың 32 жастағы ұлы Наурыз Мұқанғалиев пен 35 жастағы қызы Мейрамгүл Қарабалина әлі табылмады. Тек Мейрамгүл Қарабалинаның соңғы рет Атырау қаласында бейнебақылау камерасына түсіп қалғаны белгілі. Бірақ оның нақты қай камераға түскені және қолда бар өзге мәліметтер жария етілмейді.
Полиция өкілдері жұртты ресми ақпарат көздеріне сүйенуге және расталмаған деректерді таратпау жөнінде тағы да ескертті.

JQ-Aqparat

Сурет: Атырау облыстық полиция департаменті

18 ақпан, 13:05
Жаңа Конституция: Ресурстық экономикадан – Интеллектуалдық модельге
13 ақпан, 17:46
Жасанды интеллектіге кәміл сенуге бола ма?
04 ақпан, 14:17
Бала - ерлі-зайыптының кек алу құралы емес
31 қантар, 10:23
Егемендік пен аумақтық тұтастық Конституция жобасында өзгермейтін құндылық ретінде бекітіледі
30 қантар, 18:33
Конституциялық комиссия жаңа Конституцияның бірінші жобасын дайындады
28 қантар, 15:13
Президент: Қара басының қамы үшін заңды бизнесті тоқтату тәжірибесі әлі де бар
27 қантар, 17:54
"Бензин безгегі» келмеске кетіп барады
27 қантар, 15:00
Моншадан мектеп ашып, мемлекеттен қаржы алып отырған (Видео)
24 қантар, 15:09
Ержан Жиенбаев: Халық Кеңесі Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлттық құрылтайдың стратегиялық функцияларын орындауды жалғастырады