Жоғалған адамды тікұшақпен де іздеп жатыр

31 шiлде 2023, 9:33

Маңғыстау облысында із-түзсіз жоғалған азаматты іздеуге аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің, аудан әкімшілігінің қызметкерлері, еріктілер, ауыл балықшылары мен жоғалған азаматтың туыстары да шықты. Тіпті тікұшақпен де іздеу жүргізілуде. Мұны төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Iздестіру-құтқару жұмыстары Сарша жерінің аумағы және Ерсай жағалауына дейінгі аралықта жүргізіліп жатыр. Оған барлығы 60 қа жуық адам, 20 ға жуық техника жұмылдырылды. Таңертеңнен Маңғыстау облысының ТЖД МИ-8 тікұшағы әуеден бақыласа, 10 қайықпен 7 сүңгуір (водалаз) теңізде іздеу жұмыстарын жүргізу үстінде. Сондай-ақ аталған аумақты дрон ұшыру арқылы да бақылау жұмыстары қолға алынды.

JQ-Aqparat

08 тамыз, 10:38
Мақсат Мақтабек: Заң – азаматтардың қорғаны
08 тамыз, 10:29
Түркістан: Қоғамдағы қауіпсіздік – тәртіп сақшысының күнделікті жұмысы
07 тамыз, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
07 тамыз, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады