jasqazaq.kz

Жоғалған малы туралы ақпарат берген адамға 1 миллион теңге береді

20 желтоқсан 2016, 15:05

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданында 90 жылқы жоғалып кетті. Оның қожайыны Сергей Кащенко жоғалған малы туралы ақпарат берген адамға 1 миллион теңге сыйақы тағайындады.

ҚазАқпарат хабарлағандай, аталған оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатқанын Қостанай облыстық ІІД баспасөз қызметі растады. «Іс бойынша арнайы құрылған жедел тергеу тобы жұмыс істеуде», — деді ІІД баспасөз хатшысы Елена Кашарина. Барлық көршілес аудандар тексерілді, полицияның барлық жеке құрамы қылмысты ашуға жұмылдырылды. Күшейтілген іздеу жұмыстары жүріп жатыр». ҚазАқпарат тілшісінің хабарлауынша, Кащенконың үйірі жайылымда малшылардың қарауында болған. Алайда, олар тергеушілерге жоғалған жылқылар туралы еш құнды ақпарат берген жоқ. Үйір қожайыны әр жылқының жауырын тұсында «К» және «12» таңбалары бар екенін хабарлады және шығынды 20 миллион теңге деп бағалады. Жыл басынан бері Қостанай облысында 353 мал ұрлығы болды, оның 167-сі ашылды.

 

26 наурыз, 14:08
Әлібек Молдакәрімов: Өңірдегі жобалар негізінен өңдеу өнеркәсібіне бағытталған
26 наурыз, 12:46
АЭС құрылысы: Дұрыстығы дәлелденген тарихи шешім
20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті