jasqazaq.kz

Жітіқарадағы өртте 5 баласы өртеніп кеткен ана 5 жылға сотталды (Видео)

16 қантар 2025, 10:03

Қостанай облысы Жітіқара аудандық сотында 5 баласы өртеніп кеткен анаға қатысты қылмыстық іс қаралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Аудандық сотта Қылмыстық кодекстің “Абайсызда 5 баланың өліміне әкеп соқтырған өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу” бабы бойынша айыпталушыға қатысты қылмыстық іс қаралды.

«Сотталушы балаларын қараусыз қалдырып, үлкен ұлына үйдің іші салқындаған жағдайда пешке от салуды тапсырған. Ұлы пеште отын, көмір және тұрмыстық қоқыстарды жағады, сондай-ақ пеш жанында белгісіз сұйықтықпен жатқан пластикалық бөтелкені отқа салады. Нәтижесінде пештегі жалынның жанып, өртке айналуына себеп болды. Өрт салдарынан бес бала қайтыс болды. Сотталушының кінәсі оның мойындау айғақтарымен, куәгерлердің айғақтарымен, оқиға болған жерді тексеру хаттамасымен және сот сараптамаларының қорытындыларымен дәлелденді», — делінген Жетіқара аудандық сотының хабарламасында.

Сотталушы өз кінәсін толық мойындап, істеген ісіне өкініш білдіріп, бас бостандығынан айырмауды өтінген.

Сот шешімімен айыпталушыға 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Әйелдің жас баласының болуына байланысты жазаны орындау кейінге қалдырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Фото: Видеодан скрин

20 наурыз, 11:24
Қорғаныс қабілеті мықты мемлекет ертеңге сеніммен қарайды
19 наурыз, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді