Жігіттерді тонаған қыздар ұсталды

25 қыркүйек 2023, 12:23

Ақтөбеде дәмханалардың бірінде екі қыз жігіттерді тонап кеткен. Бұл туралы Stan.kz хабарлады.
Зардап шеккен жігіттердің айтуынша, кешкі ас кезінде олардың жанына екі жас қыз келген. Екі қыздың бірі жігіттердің досы болып шығып, олармен бірге тамақтанған. Біраз уақыттан кейін жігіттер ұялы телефондарын үстел үстіне қалдырып далаға шығып, қайтып келгенде қыздарды да, ұялы телефондарын да таппай қалған. Жәбірленушілер өздеріне келтірілген шығынды 83 мың және 180 мың теңгеге бағалаған.

«Тәртіп сақшылары бейнебақылау камералары арқылы күдіктілерді анықтап, полиция бөлімшесіне жеткізді. Тәртіп сақшылары ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігі «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдіктілер кінәларын мойындады», — делінген хабарламада.

05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді
25 шiлде, 13:52
Діндер съезі толеранттылық пен тұрақтылыққа қызмет етеді