«Жібек жолының» Батыс қақпасы

23 қыркүйек 2016, 12:34

TÜRK HAVA YOLLARI (THY) YÖNETİM KURULU BAŞKANI İLKER AYCI, THY'NİN İSTANBUL'DA AĞIRLADIĞI 120 YABANCI GAZETECİYE 15 TEMMUZ DARBE GİRİŞİMİ VE FETULLAHÇI TERÖR ÖRGÜTÜ'NÜ (FETÖ) ANLATTI. (TUNCER CENGİZ/İSTANBUL-İHA)

Жаһандану үрдісі белең алған сайын тарихи «Жібек жолын» жаңғыртудың маңызы артып келеді. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев биылғы жазда Түркияға ресми сапармен барғанда осы елмен «Жібек жолы. Экономикалық белдеу» шеңберінде бірқатар жобаларды бірлесе іске асыруға болатынын атап өтті. Түрік Республикасының президенті Режеп Тайып Ердуан бауырлас екі елдің «Жібек жолын» жаңғыртудағы рөліне тоқталды. Ол Түркияның Қазақстанның батысқа қарай ашылған қақпасы болғанын қалайтынын айтты. Ал Қазақстан Түркия үшін шығысқа ашылған қақпа болуға әбден лайық.

«Жібек жолы». Экономикалық белдеу» жобасы ең алдымен көлік логистикасына арқа сүйейді. Осы тұрғыдан алғанда, жолаушы, сондай-ақ жүк тасымалының маңызы зор. Тарихи жолдың бойында орналасқанымен, теңізге тікелей шыға алмайтын Қазақстан мен Орталық Азия елдері алыс елдермен барыс-келісті әзірге әуе компаниялары арқылы жүргізуде. Солардың бірі – «Түрік әуе жолдары» (THY). Әуе қатынасында әлемдегі ең мықтылардың қатарынан көрінетін осы компанияның ақпарат құралдарына, соның ішінде қазақ газеттеріне ниеті түзу, пейілі кең. Журналистерге арнап ұйымдастырған жолсапарға бұл жолы да «Жас қазақты» шақырды. Университетте геосаясат пен транзиттік тасымалдың мүмкіндіктері туралы диплом жұмысын жазған мен сияқты жас маманға бұл көзбен көріп, көңілге тоқуға таптырмас мүмкіндік. Арнаулы тілші ретінде мақалаға қажетті дерек пен дәйек, сурет пен сұхбат әкелуге болады.
Сонымен төрт тілші Ыстамбулды бет алып, жолға шықтық. Компания бізге ерекше құрмет көрсетіп, бизнес-кластан орын беріпті. Бұрын мұндай кереметті көрмегендіктен, еріксіз тосырқайсың. Жайлы сапар үшін қажеттінің бәрі бар. Тіпті аспаздың өзі келіп, ас мәзірімен таныстырады. Бес сағаттың қалай өтіп кеткенін де байқамайсың. Ұшақта бос орын жоқ. Күн сайын осы бағытпен ұшатынын ескерсек, компанияның жолаушы үшін әуе кеңістігінде жүріп жатқан бәсекеде ешкімге есе жібермейтін көреміз. Дағдарыс кесірінен кейбір әуекомпаниялары банкротқа ұшыраса, енді біреулері амалсыз бірігіп жатыр.

19522
Әуе кемесі Мәрмәр теңізін айналып, алып шаһар Ыстамбулдағы Ататүрік халықаралық әуежайына қонды. Аумағы атшаптырым әуежайда тізіліп тұрған ұшақ көп екен. Біз келерден бір күн бұрын мұнда 1454 әуе кемесі ұшып, қоныпты. 141 мың жолаушы ғимаратқа кіріп шығыпты. Түркиядағы тұрақсыздықты бұзуға тырысқан 15 шілдедегі әскери төңкеріс әрекетінің алдында тіркелген көрсеткіш бұған сәл жетпейді. Бұған тоқталуымыз бекер емес. Түрік басылымдары қайғылы оқиға кезінде бүлікшілердің осы әуежайды басып алуға әрекеттенгенін жазды. Одан екі апта бұрын лаңкестер тарапынан жасалған қарулы шабуыл да әуежайға, түрік еліндегі тыныш тіршілікке қарсы бағытталған болатын. Лаңкестердің ойраны мен әскери бүлік компанияға қаржылай шығын келтірді. Соның кесірінен ұшу сапарлары ішінара тоқтатылды. Сапары кешіктірілген жолаушылар қонақүйге орналастырылды, ұшқысы келмегендерге билет құны толығымен қайтарылды. Кейбір деректерге жүгінсек, қаржылай шығын мөлшері 40 млн долларға жеткен. Міне, осыдан-ақ, елдегі тұрақтылық тек саясатты ғана емес, экономика, туризм, әлеуметтік сала сияқты өмірдің барлық бөлшегін қамтитынын көреміз.turk-air
Әуежайда қырғыз әріптестерімізді кездестірдік. Танысып, хал сұрасып, мәре-сәре болып қалдық. Сөйтсек, «Түрік әуе жолдары» әлемнің 18 мемлекетінен 120 журналисті шақырған екен. Арасында Жапония, Қытай, тіпті Шри-Ланка аралынан келгендер де бар. Бәрімізді cән-салтанаты келіскен Radisson Blu қонақүйіне орналастырды. Терезеден қос құрлықты бөліп тұрған Босфор бұғазы көрінеді. Жыпырлаған кемелердің ар жағынан танкердің сүйір тұмсығы көрінеді. Ресейдің Новороссийск портынан шыққан қазақ мұнайы Қара теңіз арқылы осы жолмен өтеді. Жалпы, әлемдік «қара алтын» саясатында, транзиттік тасымалда Босфор бұғазының маңызы зор. Қателеспесек, 1936 жылғы Монтре келісіміне сәйкес, шетелдік компаниялар осы тар өткелді пайдаланғаны үшін Түркияға тасымал ақысын төлемейді. Батыс кезінде үстемдігін пайдаланып, өзіне тиімді келісімге қол жеткізген деседі.
Көп ұзамай, талай текетіреске себеп болған әйгілі бұғазды барып көрдік. Қонақжай түріктер кемемен серуен ұйымдастырды. Бұғаздың екі жағасында тарихи ғимараттар көп. Әйтсе де, жұрт тамыздың аяғында ашылған Жауыз Сәлім көпірі туралы білгісі келеді. Небәрі үш жылда салынған осынау сәулет туындысы алып қиялдың жемісі деуге толық негіз бар. Бұғаздағы үшінші көпір қос құрлық арасындағы көлік жүрісін жеңілдете түсті. Бұған қоса, қаларалық қатынасты да оңайлатты. Бұрын Ыстамбулдан Эгей теңізі жағасындағы Измирге 9 сағат жүрсе, енді 3,5 сағатта межелі жерге жетесің. Айта кеткен жөн, Қазақстан сияқты Түркия да соңғы жылдары көлік логистикасына зор көңіл бөле бастады. Р.Ердуанның тікелей атсалысуымен түрік үкіметі әлгі көпір секілді ірі жобаларды іске асыруда. Солардың бірегейі – Үлкен Ыстамбул тунелі. Ол дәл осы бұғаздың астында, 110 метр тереңдікте орналасады. Азия мен Еуропаны жалғайтын жерасты жолы автокөлік пен пойызға арналған.

Азия мен Еуропаның түйіскен жерінде орналасқан Ыстамбул мен «Түрік әуе жолдары» компаниясы бір-бірімен біте қайнасып кеткен. Түрлі елдерден келген журналистермен кездесуде компанияның THY Басқарма төрағасы Илкер Айжы әңгімесін осы тақырыптан бастады. Төрағаның айтуынша, Ыстамбулда 75 млн жолаушыға қызмет көрсетуге мүмкіндік бар. Ең бастысы – алып шаһардағы әуежай қай жағына алып қарасаң да қауіпсіз. Оның қауіпсіздігі Еуропа Азаматтық жолаушы тасымалы және Халықаралық азаматтық жолаушы тасымалы сияқты ұйымдардың бақылауынан өтіп, оң баға алған. Содан болар, жолаушы да сенеді. Илкер Айжы осыған орай былай деді: «Биыл біз 64 млн жолаушыны межелі жерге жеткіземіз. Бұлардың 60 пайызы транзит жолаушылар. Ал 40 пайызы негізгі хаб арқылы межелі жеріне тікелей жетеді. Компаниямызда 330 ұшақ бар. 116 елге және 294 бағыт бойынша ұшу сапарын орындаймыз. Бұл әлемдегі ең үздік көрсеткіш».
Сапар барысында өз көзімізбен көрген ұшқыштарды дайындау орталығы мен THY және өзге әуе компанияларды тамақпен қамтамасыз ететін Do&Co фирмасының жұмысымен танысып, көп мағлұматқа қанықтық.img-20160922-wa0019

Кәрі құрлықта Лондондағы «Хитроу» және Париждегі «Шарль де Голльден» соң үшінші орында Ататүрік әуежайының тұрғанын атап өткен Илкер Айжы жақын арада екінші орынға табан тірейтіндерін, ал болашақта көш бастауға мүмкіндік бар екенін тілге тиек етті. Екі жылдан кейін Ыстамбулда үшінші әуежайы пайдалануға беріледі. Жаңа әуежайдың келешіктегі әлеуеті – 150 миллион жолаушы. THY Азия бағытына, әсіресе, бауырлас Орталық Азия елдеріне ерекше көңіл бөледі. Әлемдік бәсеке өршіген әуе тасымалы нарығында компания жетістіктігінің сырын Илкер Айжы бір сөйлеммен түсіндірді. «Біз Түркияда жолаушыларымызға «жолаушы» немесе «клиент» демейміз. Біз оларға «қонақ» дейміз.

Еркебұлан Смайылов,
Алматы – Ыстамбул

20 желтоқсан, 11:58
Абайлаңыз, ел ішін "Омикрон" кезіп жүр
18 желтоқсан, 16:00
“Жастар тоқтамай жаңа әндер жазуы керек”. Ерлан Көкеев трендтегі әндерге байланысты пікір білдірді
17 желтоқсан, 13:58
Телефон жоғалса не істеу керек?
17 желтоқсан, 12:23
«Ән мәтінін бақылайтын арнайы орган болуы керек». Ақын Асқар Дүйсенбі қазіргі әндердің мәтініне қатысты пікір білдірді
13 желтоқсан, 14:31
“Қайратпен өнерімізді түгел көрсетіп болдық”. Сырым Исабаев не себепті сахнадан кетті?
12 желтоқсан, 12:12
Ернұр Айнаев: Жастардың жыныстық сауатын арттыру қажет
11 желтоқсан, 12:47
Журналистер ақпарат бәсекесінде неге блогерден жеңіледі?
09 желтоқсан, 19:04
Жерге түкіру мен сағыз тастауды қалай шектейміз?
06 желтоқсан, 19:02
"Қаяқ, бұяқ" дейтіндер тілді бұзып жүр ме?