Жезөкшелікпен айналысқан 5 боди-массаж салоны әшкереленді

23 тамыз 2023, 12:34

 

Павлодар облысында жедел уәкілдер 5 боди-массаж салонының жұмысын тоқтатты.

Polisia.kz. хабарлағандай, Павлодар облысы ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде облыс аумағында интимдік қызметтерді ұйымдастыруға және ұсынуға қатысы бар күдікті қылмыстық топтың қызметін анықтады. Бір мезгілде Павлодар және Екібастұз қалаларының аумағында жезөкшелікпен және жеңгетайлықпен айналысқан 5 боди-массаж салонының жұмысы тоқтатылды.
– 25 тінту іс-шарасы өткізілді.

Павлодар облысы ПД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы Ғабит Қабдрахманов: «Полиция органдарына 30-дан астам адам жеткізілді, оның ішінде әкімшілер, массаж жасаушылар және осы мекемелердің клиенттері бар. Тінту барысында 10 млн теңге және 1600 доллар, екі аңшы мылтығы, екі газ тапанша, кастет, рөлдік ойындарға арналған киім жинақтары, маскалар, қамшылар, кісендер, жарнамалық өнімдер, прайс-парақтар, визиткалар және сыйлық сертификаттары тәркіленді. Полицейлер өздерін кәсіпкер ретінде көрсететін жоғарыда аталған массаж салондарының иелері мен ұйымдастырушыларын анықтады, – деді.

Қазіргі уақытта 4 дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 309-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу жалғасуда. Тергеу мүддесі үшін өзге де мәліметтер жария етілмейді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қазақстан Республикасы ҚПК-нің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, заңды күшіне енген сот үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам қылмыстық құқық бұзушылық жасауда кінәсіз деп танылады.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:33
Түркістан: Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың жолын кесу және пробация
Бүгін, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз