jasqazaq.kz

Жетісу облысының тұрғыны туған ұлдарынан жәбір көріп жүргенін айтты (Видео)

Бүгін, 11:35

Жетісу облысының тұрғыны ұлдары оны үнемі ұрып-соғатынын айтты. 62 жастағы ер адамның ұлдары қазіргі уақытта қамауда, бірақ мамырда босатылады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Жетісу облысында тұратын 62 жастағы ер адамның үндеуін жергілікті блогер Әділ Бейсенбаев Instagram желісіндегі парақшасында жариялады.

«Ақсу ауданының тұрғынымын. Екі ұлымнан біраздан бері жәбір көргендіктен, осы жігіттерді шақырып отырмын. Ұлдарымды сотқа берем, ұстап әкетеді, 10 күн жатады да қайта келіп алады, қайта тиіседі», — дейді ол видеода.

Блогердің жазбасына сүйенсек, туған ұлдары әкесіне жүйелі түрде жәбір көрсетіп келеді.

Жәбірленушінің ағасы бірде оны қорғауға тырысқан, алайда, куәгерлердің айтуынша, ол жанжал кезінде пышақ жарақатын алған.

«Бұл жағдай Жансүгіров ауылында болып жатыр. Біз құзырлы органдардан осы жағдайға назар аударып, тергеу жүргізіп, тиісті шара қолдануды сұраймыз.

Жақында ғана Түркістан облысында ұлы әкесіне қол көтерген жағдайды естідік, ол көз жұмды. Бұл да осындай жағдай», — делінген жазбада.

Жетісу облыстық полиция департаменті NUR.KZ тілшісіне бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді.

«12 ақпанда Ақсу ауданының 62 жастағы тұрғынының шағымы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Тергеу барысында заңсыз әрекеттерді оның 31 және 34 жастағы екі ұлы жасағаны анықталды. Сот оларды кінәлі деп тауып, қамауға алу жазасы тағайындалды.

Сонымен қатар істі қарау кезінде сот оларға үш ай мерзімге арнайы талаптар белгіледі, оның ішінде жәбірленушіге жақындауға тыйым салынды.

Қазіргі уақытта олар қамауда. Босатылғаннан кейін екеуі де бақылауға алынады. Жағдай полиция бақылауында», — делінген хабарламада.

Бүгін, 12:31
Әскери ынтымақтастық: Қуатты қорғаныс саясатының берік кепілі
18 наурыз, 13:39
«Таза Қазақстан» әркімнің өзінен басталады
18 наурыз, 12:56
Мирас Тоқтарханов: Абай облысында ауыл шаруашылығының барлық бағытына қолдау бар
17 наурыз, 15:22
Мұнай өңдеу: Әлеует пен әрекет үндескенде
17 наурыз, 12:25
Рәтбек Демеуберген: Біздің басты міндетіміз - кез келген жағдайға жедел әрекет ету
16 наурыз, 14:26
Бауыржан Ізмағамбетов: Ауыз су жүйесімен қамту деңгейі 100 пайызға жетті
15 наурыз, 14:02
Шавкат Рахмонов Қонаев қаласында дауыс берді
15 наурыз, 13:36
Қызылорда: Қазақтың үш ханы дауыс беруге келді
13 наурыз, 17:27
Елімізде теміржол инфрақұрылымы жаңғыртылып жатыр