jasqazaq.kz

Жетісу облысында жолда аударылып кеткен көлікте отырғандар түгел қаза тапты

20 қыркүйек 2022, 12:43

Жетісу облысына қарасты Жаркент қаласы маңында жол талғамайтын көлік аударылып, үш адам қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, жантүршігерлік жол-көлік оқиғасы бүгін, 20 қыркүйекте таңертең Батыс Еуропа – Батыс Қытай тасжолының 273-шақырымында болған.

«Жол талғамайтын Lexus 470 көлігі жол жиегінен 50-60 метрге ұшып кеткен. Көлік ішінде болған екі ер адам мен бір әйел оқиға орнында көз жұмды. Қаза тапқандардың екеуі 1983 және 1985 жылғы ерлі-зайыпты адамдар екені анықталды. Үшіншісінің жеке басы әлі анықталған жоқ», — делінген ПД хабарламасында.

Оқиға орнында жұмыс істеп жатқан полиция қызметкерлері мән-жайды анықтауға кірісті.

Тиісті сараптамалар тағайындалып, тергеу жұмыстары қолға алынды.

16 тамыз, 12:34
Шымкент: Жарты жылда 1181 ерекше бала оңалтудан өтті
15 тамыз, 12:19
Биғайша Нұрғазинова: Ерекше балалар қоғамға кірігуі тиіс
10 тамыз, 21:15
Түркістан: Абайдың сөзі – рухани құндылықтың алтын қазынасы
09 тамыз, 15:04
Бахадыр Мәдәліұлы: Мүгедектігі бар азаматтарға қолдау көрсету – мәслихат пен партияның ортақ міндеті
06 тамыз, 20:36
Алматыда көше және сәулеттік жарықтандырудың бірыңғай жүйесі жасалады
05 тамыз, 12:34
Бала жанын түсіну – рухани жауапкершілік
31 шiлде, 15:56
Тайланд-Камбоджа: Шиеленіс қалай шешілді?
31 шiлде, 15:21
2,7 млн жайылым жер мемлекетке қайтарылды: жұмыс жалғасады
31 шiлде, 15:00
Айгүл Жамалбекова: Мүмкіндігі шектеулі жандарға ешқандай шектеу жоқ