Жеті жыл шетелде жасырынған алаяқ сотталды

04 қыркүйек 2023, 12:02

Шымкентте жеті жыл бойы шетелде жасырынып келген алаяққа сот үкімі шықты.
Шымкент қалалық полиция басқармасы хабарлағандай, аса ірі көлемдегі алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық іс сонау 2015 жылы қозғалған. Шымкент тұрғыны ақшалай сыйақыға 30 адамды емдеу мекемелеріне жұмысқа орналастырамын деп уәде берген. Ол досы арқылы жұмыс іздеп жүргендерден 26,4 мың доллар алып, ол із-түзсіз жоғалып кеткен.

Бірнеше жыл бойы күдіктіні іздеу еш нәтиже бермеген, өткен жылы ғана Қаратау аудандық полиция бөлімінің тергеушісі Асылжан Ырысметов тергеуге кірісті. Ол алаяқтың шетелге қашып кеткенін анықтады. Күдікті Өзбекстанда ұсталып, Шымкентке депортацияланды.

Сот жеті жыл бойы шетелде жасырынып келген күдіктіні төрт жыл алты айға бас бостандығынан айырды.

JQ-Aqparat

Бүгін, 14:01
Түркістан: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыруға арналған шаралар
05 тамыз, 14:39
Түркістан: Қауіпсіздікті сақтау маңызды
01 тамыз, 16:07
Түркістан: «Қауіпсіз қоғам» жобасы - қоғам айнасы
01 тамыз, 11:27
Түркістан: Жазғы демалыстағы қауіпсіздік шаралары
29 шiлде, 15:38
Түркістан: Үздік полицейлер марапатталды
29 шiлде, 14:58
Әйгерім Исаева: Арнайы жасаққа жүрек жұтқан жауынгерлер қабылданады
29 шiлде, 13:40
Түркістан: Жарты жылдың ішінде қылмыс азайды
26 шiлде, 11:34
Мұхит Тұрғараев: Тұрғындардың құқықтық сауатын арттыру бағытында үздіксіз жұмыс жүргіземіз
26 шiлде, 11:33
Мұхит Тұрғараев: Жарты жылда мыңнан астам қызмет көрсетілді