Жерге түкіру мен сағыз тастауды қалай шектейміз?

09 желтоқсан, 19:04

Қоғамда қоғамдық орындарда жерге түкіру және сағыз тастау сияқты әдеттер әлі де кең тараған. Бұл әрекеттер тек қоршаған ортаны ластап қана қоймай, сондай-ақ әлеуметтік тәртіпке, адамгершілікке қатысты мәселені көтереді. Елімізде жерге түкіру мен сағыз тастау қоғамдық орындарда көрініс табатын жиіркенішті әдеттердің қатарында. Бұл әдеттер, негізінен, адамдардың мәдениетсіздігі немесе қоршаған ортаға немқұрайды қарауынан туындайды.

Заңгер Нұрболат Ибраевтің айтуынша, жерге түкіру және сағыз тастау ісі — қоғамдық тәртіпті бұзу ретінде қарастырылады. Қазақстанның әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 434-бабының 2-тармағына сәйкес, қоғамдық орындарда жерге түкіру және сағыз тастау тәртіпсіздіктері үшін айыппұл салынады. Заң бойынша, бұл әрекеттерге 10 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл салу көзделген. 2024 жылы бір АЕК көлемі 3 450 теңгені құрайды, сондықтан айыппұлдың көлемі 34 500 теңгені құрайды. Бұл мөлшер әлеуметтік тәртіпті сақтауға бағытталған, бірақ бұл сома қоғамдық орындарда адамгершілік нормаларды бұзу үшін әлі де жеткіліксіз болуы мүмкін.

Жерге түкіру мен сағыз тастауға қатысты деректерге сәйкес, бұл мәселелерді бақылау бойынша арнайы зерттеулер жүргізілмеген. Дегенмен, қалалар мен ауылдарда мұндай әрекеттердің кең таралғаны туралы жергілікті тұрғындар мен қоғамдық ұйымдар жиі мәлімдейді. Алматы қаласы бойынша өткен жылы 500-ден астам қоғамдық тәртіпті бұзу фактісі тіркелген, соның ішінде 15% жерге түкіру мен сағыз тастау мәселелерімен байланысты. Ал биыл Астана қалалық полиция департаментінің мәлімдеуіне сәйкес 1500-ден аса дерек тіркелген екен.

Заңгер Нұрболат Ибраев бұл мәселеге қатысты өз пікірін білдірді:

«Қоғамдық орындарда мұндай әрекеттерді шектеу және оған заңмен жауапкершілік енгізу маңызды. Өкінішке орай, қазіргі айыппұл мөлшері тәртіпті бұзушыларға қорқыту тудырмайды. Жерге түкіру мен сағыз тастау — тек қоғамдық тәртіпті бұзу емес, бұл іс қоршаған ортаның ластануына әкеледі. Сондықтан, бұл мәселелерді шешуде тек айыппұлдармен шектелмей, қоғамды тәрбиелеуге бағытталған шаралар да қолға алынуы тиіс.»

Заңгердің айтуынша, қоғамдық тәртіпті сақтау үшін жастарды тәрбиелеу, олардың экологиялық сана-сезімін қалыптастыру маңызды. Бұл мәселелерді шешудің бір жолы — мектептерде экологиялық білім беру мен қоғамдық орындарда тәртіп сақтау мәдениетін насихаттау.

Бұдан бөлек, түкірік – микробтардың басты таратушысы. Бұл ғылымда дәлелденген. Оның құрамында 500-ден аса зиянды зат пен бактерия болады. Туберкулез талшықтары, гепатит, вирустық инфекциялар, дифтерияны тасымалдауы мүмкін.

Ал өзге елдерде тәртіп қатаң. Мысалы, Бейжіңде көшеде түкіргені, қоқыс тастағаны, тіпті итінің сарып кеткені үшін ауқымды айыппұл салынады. Сингапурде сағыз шайнамақ түгілі оны сақтауға және бір-біріне таратуға болмайды.

«Қазіргі таңда полиция қызметкерлері бейнекамералар арқылы қоғамдық тәртіпті бұзушылардың тұлғасын анықтай алады. Жергілікті учаскелік полицей қызметкерлері сондай деректі анықтаса, құқық бұзушыға хаттама толтырып, онымен түсіндірме жұмыстарын жасайды. Ал егер жыл ішінде қайталанса, 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл арқалауы мүмкін»- дейді заңгер.

Енді түкіргенім бар деп еркінсу – қауіпті. Қай жерде де аузын тыйған адам көп нәрседен аулақ болатынын ескерген жөн.

Олжас Әбдіхалық

17 желтоқсан, 13:58
Телефон жоғалса не істеу керек?
17 желтоқсан, 12:23
«Ән мәтінін бақылайтын арнайы орган болуы керек». Ақын Асқар Дүйсенбі қазіргі әндердің мәтініне қатысты пікір білдірді
13 желтоқсан, 14:31
“Қайратпен өнерімізді түгел көрсетіп болдық”. Сырым Исабаев не себепті сахнадан кетті?
12 желтоқсан, 12:12
Ернұр Айнаев: Жастардың жыныстық сауатын арттыру қажет
11 желтоқсан, 12:47
Журналистер ақпарат бәсекесінде неге блогерден жеңіледі?
09 желтоқсан, 19:04
Жерге түкіру мен сағыз тастауды қалай шектейміз?
06 желтоқсан, 19:02
"Қаяқ, бұяқ" дейтіндер тілді бұзып жүр ме?
06 желтоқсан, 11:27
ОПЕК+ елдері 2026 жылға дейін мұнай өндіру көлемін қысқартуға келісті
04 желтоқсан, 15:39
Қазақша сөйлесең, кибералаяқ қашып кетеді