Бішкекте орнынан тұра алмай жатқан сәбиді аяусыз тепкен ер адам тұтқынға алынды.
Бұл туралы Sputnik Қырғызстан хабарлайды.
Бұған дейін желіде қызыл күрте киген ер адамның орнынан тұра алмай жатқан баланың ішінен аяусыз тепкен видеося пайда болған еді. Астындағы жазбада видеоның Бішкектегі «Ұлан-2» шағын ауданында түсірілгені жазылған.
Полиция мәлімдеуінше, қызметкерлер бірден тексеру жұмыстарын жүргізген. Жедел іздестіру шараларының барысында Октябрь ауданының ІІБ қызметкерлері видеода сәбиді тепкен ер адамның кім екенін анықтап, тұтқынға алған.
Куәгерлер де полиция қызметкерлерінің қызыл күрте киген ер адамды полиция бөлімшесіне алып кеткенін көргенін айтқан. Олардың сөзінше ер адам 40 жастағы жергілікті тұрғын екен.
Қазір аталған оқиға бойынша тексеру жұмыстары жүріп жатыр.