jasqazaq.kz

Жер сілкінісі туралы ақпарат жалған

10 қазан 2018, 14:57

Алматы қалалық ТЖД биофизик Виктор Инюшиннің жақын арада жер сілкінісі болады деген болжамын жоққа шығарды.

Қалалық ТЖД мамандары хабарлағандай, Алматы аумағындағы сейсмологиялық бақылауды Сейсмологиялық тәжірибелік әдістемелік экспедиция мен Сейсмология институты жүргізеді. СТӘЭ жер сілкінісі туралы мәліметтерді тіркеп, тәулік бойы параметрлерді өлшеумен айналысады. ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Сейсмология институты жер сілкінісі қауіпсіздігі бағытында іргелі және қолданбалы зерттеу жүргізумен айналысады. «Сейсмология институтының ақпаратына сәйкес, жер қыртысының 6 балға дейін қозғалуынан (МSK-64 шкаласы бойынша) инфрақұрылым зақымдала қоймайды. Ғимараттар бұзылып, қирамайды. Жыл сайын Алматы маңында 80 км радиуста 200-ге тарта жер сілкінісі болып тұрады. Сейсмология институтының пайымдауынша, Алматы маңында 2018 жылы қуаты 7 баллдан асатын жер сілкінісі болмайды»,- деді ТЖД. Ұзақмерзімді болжам жылдың соңында жасалады. Қалалық ТЖД тұрғындарды тек қана ресми органдардың ақпаратына сенуге шақырады. «Виктор Инюшин таратқан ақпаратқа сәйкес келетін жер сілкінісінің параметрлері жоқ. Оның болжау әдістемесі ғылыми негізге сүйенбеген. Ол кісінің болжамдары Сейсмология институты мамандарынан тұратын комиссияның қарауына алынбаған. Сонымен қатар, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ профессоры Тілекқабыл Рамазановтың айтуынша, Инюшин басқаратын биофизикалық болжам қызметі ЖОО құрылымдық бөлімшесі емес. Оның болжамына ЖОО жауап бермейді» делінген хабарламада. Еске сала кетейік, бұған дейін түрлі БАҚ беттерінде биофизик Виктор Инюшиннің Алматыда қуаты күшті жер сілкінісі болатыны туралы болжамы тарап кеткен болатын.

24 мамыр, 13:56
Алматыда тұрғындардың 99,6% - дан астамы орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген
23 мамыр, 10:55
Түркістан: өңірде жаңа зауыт пен кәсіпорындар салынады
22 мамыр, 15:35
Түркістан: Шетелдік компаниялар өңірдің экономикалық әлеуетіне көз жеткізді
22 мамыр, 15:05
Түркістан: Жыл басынан бері 196,5 млрд теңге инвестиция тартылды
22 мамыр, 14:16
Алматы облысының тұрғындары «Келешек» жүйесіне қызығушылық танытуда
22 мамыр, 14:06
Түркістан: 216 мың гектарға су үнемдеу технологиясы енгізіледі
21 мамыр, 15:51
 Рухани құндылық: Түркістанда оқушылар «Едіге» жырын жатқа айтты
21 мамыр, 14:46
Ордабек Жәмиев: Қоғамдағы инклюзия – мақсатты шешімдердің нәтижесі
21 мамыр, 12:32
Түркістан: Инклюзивті қоғамдағы шексіз мүмкіндік